jasqazaq.kz

Шымкент: Ерекше қажеттілігі бар балаларға көмек көрсету – күн тәртібінде

07 шiлде 2025, 15:31

Біздің елімізде ерекше қажетттілігі жандарға қолдау көрсету, оларға құрметпен қарауға ерекше мән беріледі. Соның ішінде туа біткен ақауы бар, мүмкіндігі шектеулі балалар мемлекет қамқорлығына алынған. Олардың қалыпты өмір сүруіне жағдай жасалып, тұрақты түрде медициналық және әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бұл бағытта еліміздің үшінші мегаполисі – Шымкент қаласында да бірталай жұмыстар атқарылып жатыр.

Жуырда шаһарда денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен балалар арасындағы туа біткен ақаулар, церебральды сал ауруы және аутизм спектрінің бұзылыстары мәселелеріне арналған кеңейтілген жиын өтті. Шараға қаладағы медицина мекемелерінің басшылары, білім беру және әлеуметтік сала мамандары, сондай-ақ Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, бала құқығы жөніндегі уәкіл Айжан Наимбекова қатысты.

Жиында туа біткен ақаулардың алдын алу, церебральды сал ауруына шалдыққан балаларды қолдау және оңалту, аутизм және психикалық спектрі бұзылған балаларға медициналық және әлеуметтік көмек көрсету мәселелері қаралды. Сала мамандары аталған проблемаларды шешудің нақты жолдарын ұсынды.
Ерекше қажеттілігі бар балаларға сапалы медициналық және оңалту-қалпына келтіру көмегін көрсету бірінші кезектегі міндет ретінде белгіленді. Бұл бағытта оңалту орталықтарының мамандарын, невропатологтар мен психологтарды оқыту шараларын ұйымдастыру тапсырылды. Сонымен қатар, медициналық ұйымдарды нормативке сай жабдықтау бойынша ұсыныстар әзірлеу қажеттілігі атап өтілді.

Сондай-ақ маман тапшылығын жою мақсатында психиатр, реабилитолог, нейропсихолог сияқты мамандарды даярлау шаралары қолға алынуы тиіс екендігі сөз болды. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдар аутизм спектрі бұзылыстарын ерте анықтауға арналған скринингтермен толықтай қамтуды қамтамасыз етуі керектігі атап өтілді.

Жиын қорытындысы бойынша, балаларға медициналық және әлеуметтік қолдау көрсету мәселелерін шешу үшін нақты қадамдар белгіленіп, сол арқылы ерекше қажеттілігі бар балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған шаралар қабылданатын болды.

JQ-Aqparat

07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам
31 наурыз, 14:23
Есірткі кеселімен күрес – ортақ міндет
31 наурыз, 14:14
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – басым бағыттың бірі