Биылдың өзінде диагностикалық тексеру жұмыстары мен күрделі оталарды жасау үшін жеті аппарат сатып алынған.
Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының тарапынан жылдың басында медициналық жабдық сатып алу үшін 1,1 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Нәтижесінде диагностикалық тексеру жұмыстары мен күрделі оталарды жасау үшін жеті аппарат сатып алынған. Бұған қоса, жылдың соңына дейін үш медициналық техника сатып алынады. Амбулаториялық деңгейде Шымкент қаласының 44 медициналық ұйымы (11 мемлекеттік 33 жеке меншік) 2022 жылға 9,4 миллиард теңге сомасына дәрілік заттар сатып алуға өтінімдер ұсынды. Оның ішінде 6,3 миллиард теңгеге дәрілік заттар жеткізілді. Орфандық (сирек кездесетін) аурулары бар 36 баланы дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 1,5 миллиард теңге бөлінді, 32 бала дәрілік заттармен қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар, қалалық онкологиялық орталықта, №1 қалалық клиникалық ауруханада, қалалық клиникалық балалар ауруханада және Шымкент жүрек орталығында республикалық мамандарымен 8 мастер-класстар өткізілді. Оған 120 маман жұмылдырылған.
Одан бөлек, жедел медициналық жәрдем станциясында орталықтандырылған симуляциялық орталықта Халықаралық стандарттар бойынша 108 медициналық қызметкерлерге практикалық дәрістер өткізілді.
Айта кетейік, қалалық денсаулық сақтау басқармасының ведоствалық бағынысты 33 медициналықұйымы бар, оның ішінде 12 емхана, 15 аурухана, 6 басқа ұйымдар.
Емханаларда тәуліктік 4 125 төсек- орын болса, тек күндізгі стационарда 1 959 төсек –орын әзірленген. Жалпы қаладағы емханалардағы 4 760 дәрігер тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуде. Осы дәрігерлерді 10 мың халыққа шаққанда көрсеткіш 42,1 пайызды құрап отыр. Ал 10 496 орта буын медициналық қызметткерледі 10 мың халыққа шаққанда көрсеткіш 92,8 пайызды көрсетеді.
Шымкент қаласының тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында 4 жаңа медициналық орталық ашылып 50 мың халыққа қызмет көрсетуде. Сонымен қатар бір дәрігердін жүктемесі 1616 дейін төмендеді.
Тоқтар Жақаш