Шымкент: Елді мекендердің электр трансформаторлары ауыстырылып жатыр

17 тамыз 2023, 21:51

Биыл Шымкент қаласы Тұран ауданы аумағындағы елдімекендердің тозығы жеткен трансформаторлары мен электр желілерін жаңарту жұмыстары басталған. Қазіргі уақытта Тұран ауданына қарасты Қазығұрт, Құрсай және Жаңаталап елді мекендеріндегі трансформаторлар «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-і тарапынан инвестициялық бағдарлама аясында жаңартылып қойылды.

Қазығұрт, Құрсай елді мекендерінде — 5, Жаңаталап елді мекенінде – 1 тарансформатор орнатылған еді. Ал, Құрсай, Ақжар, Жаңаталап елді мекендерінде барлығы 10,2 шақырым электр желілері ауыстырылып жатыр.

Бүгінге келіп, «Ақжар» қосалқы стансасының құрылыс жұмысы жалғасуда. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, жалпы аумағы 732 шаршы метрді құрайтын «Ақжар» қосалқы стансасының құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталған.
Қазіргі таңда «Забадам» қосалқы стансасынан «Ақжар» қосалқы стансасына дейінгі қазылған электр кабелінің ұзындығы 12,3 шақырымды құрайды.

— Стансада орнатылатын негізгі жабдық 110 киловатты трансформатор. Нысанның құрылысы осы жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқталатын болады. Соның нәтижесінде «Ақжар» стансасы арқылы 50 мыңға жуық халық, сондай-ақ сол аумақтағы бизнес нысандары электр қуатымен қамтамасыз етілуге мүмкіндік алады, — дейді қала әкімі.

Ал қаланың даму жоспарына сәйкес Батыс, Қайнарбұлақ, Нұрсәт елдімекендерінде ішкі жүйелерінің құрылыс жұмыстары аяқталып, бүгінде 50 мыңға жуық адам сапалы электр қуатына қосылуға мүмкіндік алды. Бұл елдімекен тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту мақсатында биыл 6 нысанның, оның ішінде 5 елді мекенде ішкі жүйелердің және бір қосалқы стансаның құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Бүгінде Тұран, Түркістан, Ақжар шағынаудандарында ішкі электр жүйелерінің құрылысы жалғасуда. Жоба бойынша мердігер мекемелер 153,2 шақырым электр желілері мен 15 электр тарату бекетін, 38 трансформатор, 1 қосалқы стансасын орнатады. Жалпы, жаңадан іске қосылатын электр желілерінің нысандары арқылы кәсіпорындар да қуат көзіне қосылуға мүмкіндік алуда. Бүгінде Ақжар қосалқы стансасы арқылы темірбетон бұйымдарын өндіруге арналған жабдықтарды шығаратын «DALA-CONSTRUCTION» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің зауыты электр қуатына қосылып жұмыс істеуде.

Мерей Әлімбек

07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз