jasqazaq.kz

Шымкент биыл 7 қаламен бауырластық қатынас орнатады

16 қыркүйек 2022, 15:48

Қазіргі таңда Шымкент қаласымен бауырлас қалалар саны 10 болса, 2022 жылдың соңына дейін қосымша 7 қаламен бауырластық қатынас орнату жоспарланып жатыр. Олар: Қытайдың Далянь және Сиянь, Италияның Генуя қаласы, Әзірбайжанның Гянджа қаласы, Литваның Каунас қаласы, Болгарияның Пловдив қаласы, Татарстанның Қазан қалалары.

Бауырлас қалалармен жалпы жобаның құны 1 млрд 999 миллион долларды құрайтын, бірлескен Шымкент қаласында орналасқан іске асқан 18 жобалар бар.

Іске асырылғалы жатқан бірлескен жобалар саны 3 – дана. Жалпы құны 37.6 миллион долларды құрайды. Оның ішіндегі іске асқан ауқымды жобалар қатарына:

– Мұнай өңдеуді модернизациялау және өңдеу жобасы бойынша бірлескен компаниялар (Қазақстан тарапынан – ПетроҚазақстанОйл Продакст) – (шет ел тарапынан – CNPC Қытай Ұлттық компаниясы). Жоба құны 1 млрд 800 млн доллар;

– ПВХ профильдерін шығару бойынша цех (Қазақстан тарапынан – Gold Aluminium ЖШС) – ( шет ел тарапынан – Аднан Чалышкан инвесторы). Жалпы жоба құны 10 миллион доллар;

– 50 МвТ күші бар СЭС соғу жобасы (Қазақстан тарапынан – Hevel Kazakhstan) – (шет ел тарапынан – Авелар Солар Технолоджикомпаниясы). Жоба құны 20 миллион доллар.

Бұдан бөлек, сыртқы байланыстарды нығайтып, екіжақты қарым-қатынас орнату мақсатында жыл соңына дейін Әзірбайжан, Грузия, Италия, Греция, Жапония, Оңтүстік Корея, Түркия, Канада секілді елдерге барып, өңірдің туристік-инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру қарастырылуда.

Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басымды бағыттардың бірі – сыртқы байланыстарды нығайту. Шымкент қаласының инвестициялық тартымдылығын насихаттау, туристік әлеуетін таныстыру мақсатында сыртқы байланыстарды дамыту бойынша шетелдік дипломатия өкілдерімен және компаниялармен қала басшылығының 17 кездесуі ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, БАӘ-нің Қазақстандағы елшілігімен бірлесе Шымкент қаласында Араб Әмірліктерінің Бас консулдығы ашылады.

Бұдан басқа, өңірдің туристік әлеуетін танымал ету және ілгерілету үшін Қазақстанның және басқа елдердің туроператорлары, БАҚ және блогерлері үшін ақпараттық тур ұйымдастырылатын болады.

Сонымен қатар, көктем мезгілінде «National Geographic Kazakhstan» компаниясымен бірлесе экспедиция,«Қазақстан Мотофедерациясымен»бірлесе мото маусымының ашылуы, «Мобильді арбат» секілді іс-шаралар өтті.

Тоқтар Жақаш

16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ