jasqazaq.kz

Шымкент: «BilimQadam-2025» жәрмеңкесі жас мұғалімдерге жұмыс ұсынды

13 тамыз, 15:06

Оқуын ойдағыдай тәмәмдап, қолына диплом алған жастардың жұмысқа бірден орналасып кетуі қиын шаруа. Сондықтан Шымкент қаласында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп тұрады. Сондай жәрмеңкенің бірі шаһардағы «Көрме» орталығында жас мұғалімдерге аналған «BilimQadam-2025» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі.
Жәрмеңкені Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Гүлназ Сүлейменова ашып, білім беру ұйымдарындағы бос орындар жайында мәлімет берді. Оның айтуынша, қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептерге – 306, мектепке дейінгі ұйымдарға – 19, мектептен тыс мекемелерге – 41, арнайы білім беру ұйымдарына – 21, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына – 22 педагог қажет. Барлық педагогикалық лауазымдарға қабылдау конкурс негізінде жүргізіледі.
Жиында Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева сөз сөйлеп, мұндай іс-шаралар жұмыс іздеушілер үшін маңызды алаң екенін атап өтті.
Жанат Өтебаева: «Мемлекет басшысы «2025 жыл – Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялаған болатын. Осы бағытта қаламызда бірқатар ауқымды іс-шара ұйымдастырдық. Соның бірі – бос жұмыс орындары жәрмеңкелері. «Еңбек адамы – Елдің байлығы» және «Өңіраралық бос жұмыс орындары» жәрмеңкелерінің нәтижесінде 223 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Сондай-ақ білім беру ұйымдарында және мектептерде Enbek.kz порталы мен жұмыспен қамту мүмкіндіктері таныстырылды. Нәтижесінде 11,8 мың оқушы және 4 273 ТжКБ студенті Skills.enbek.kz платформасы арқылы оқудан өтіп, сертификат алды», – деді.
Бүгінде Enbek.kz порталында Шымкент қаласы бойынша 967 жұмыс берушіден 1 976 бос орын жарияланған. Оның ішінде 237 білім беру ұйымынан (балабақша, мектеп, колледж) 404 бос орын бар.
Жәрмеңке барысында Еңбек мобильдігі орталығы директорының орынбасары Бекболат Әлиханов «Жастар практикасы» бағдарламасы мен Enbek.kz порталының мүмкіндіктерін таныстырды. Оның айтуынша, «Жастар практикасы» – жалақы төленетін, еңбек өтіліне есептелетін және бір жылдан кейін тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін бағдарлама.
Сонымен қатар, аудандық мансап орталығының мамандары жәрмеңкеге келген азаматтарға білім беру ұйымдарына мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа орналасу жолдарын түсіндірді.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Еңбек мобильділігі орталығы

Бүгін, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?
29 қазан, 19:25
Инженерлік инфрақұрылым - игіліктің бастауы
29 қазан, 13:36
Қанат Мұсаев: Агроөндірістегі басты мәселе – өнімді өткізу