Шымкент: «Бақытты жанұя» орталығы арқылы кәсіп ашқандардың қатары көбеюде

31 тамыз 2023, 22:08

Шымкент қаласында шағын және орта кәсіпкерлікке айтарлықтай көңіл бөлініп отыр. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, өзінің жеке кәсібін ашамын деушілерге де қолдау көп. Ол үшін арнайы курстар ашылып, қайта даярлау курстары мен «Бизнес Бастау» жобасы аясында оқып, біліктілік арыттырғандар өз кәсіптерін ашуда екен.

Соның арқасында бүгінге дейін аз қамтылған отбасылар санатында атаулы әлеуметтік көмек алып келген 200 ден аса көпбалалы ана қазіргі таңда өз кәсіптерін ашып, бизнеспен айналысуда.

— Бүгінгі таңда алдымызға үлкен ауқымды жоспарларды қойып отырмыз. Барлығы да қаланың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған. Президентіміз Жолдауында «Экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты еш өзгермейді. Оның мәні – сапалылық және инклюзивтік тұрғыдан халықтың әл-ауқатын арттыру» деп, алдағы бағытымызды айқындап берген болатын. Яғни, жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтары жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, бәсекелестікті дамыту. Бүгінде қалалық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Бақытты жанұя» орталығында оқу курсын аяқтаған көпбалалы аналар мен азқамтылған отбасы мүшелері үй жағдайында түрлі кәсіппен айналысып, табыс табуда. Тіпті курстан өткен 60-тан астам қыз-келіншек сұлулық салонын, тігін шеберханасын, массаж кабинетін ашып, бүгінде тұрмыстарын түзеп отыр, — дейді қала әкімі.

Қала басшысының айтуынша, «Бақытты жанұя» орталығында 14 тегін курс ұйымдастырылған. Бағдарлама қатысушылары дефектолог, логопед, массаж, киім пішу, тігу, құрақ құрау, кондитерлік, шаштараз, маникюр-педикюр, компьютерлік, SMM курстарынан өтуде. Оқу курстарынан кейін сертификат иелері жұмыспен қамту шараларына қатыстырылады. Сондай-ақ аз қамтылған көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету мақсатында орталықта ақпараттық, психологиялық, медиаторлық, құқықтық қызметтер де көрсетіледі. Мұнда Еqov.kz порталы арқылы көрсетілетін электронды қызмет түрлерін меңгеруге де жағдай жасалған.

— Бүгінде қаламызда қолға алынған «Бақытты жанұя» жобасы өз нәтижесін беруде. Орталық мамандары қалалық тұрғын үй басқармасы және «Отбасы банк» акционерлік қоғамы қызметкерлерімен бірлесе 200-ден астам азаматшаның арнайы санаттар бойынша пәтер кезегіне тіркелуіне, 30-ға жуық отбасының мемлекеттік бағдарламалар аясында баспаналы болуына ұйытқы болды. Сондай-ақ орталықта жыл басынан бері өмірлік қиын жағдайға тап болған 800-ден астам азаматшаға психологиялық-құқықтық көмек көрсетілді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, орталыққа келген әрбір азаматқа барынша қолдау-көмек көрсетілетін болады, — дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз