jasqazaq.kz

Шымкент: Бағаны тұрақтандыру бағытындағы шаралар

26 қараша 2025, 19:16

Шымкент сияқты үлкен шаһарда азық-түлік бағасын тұрақтандыру – күн тәртібінен түспейтін мәселе.Соның бірі картоп бағасымен байланысты.

Шымкент қаласына картоп негізінен Павлодар және Қарағанды облыстарынан жеткізіледі, сондықтан оның бағасы тікелей өндіруші өңірлердегі жағдайға тәуелді. Қазіргі таңда бұл аймақтардан келетін картоп бағасы біршама қымбаттап, қаладағы көкөніс базарларында бөлшек саудада 200–270 теңге аралығында сатылуда.

Бағаны тұрақтандыру мақсатында қалада «айналым механизмі» іске қосылып, сауда желілерінде картоп бекітілген баға – 180 теңгеден сатылады. Сонымен қатар, шаруа қожалықтарымен 21 мың тонна картопқа келісімшарт жасалған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі – қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек айтып өтті. Қазіргі уақытта Шымкент қаласында картоп тапшылығы байқалмайды және тұрғындар өнімді қолжетімді бағамен ала алады.

Шымкент қаласына жылқы етінің негізгі бөлігі көршілес Түркістан облысынан жеткізіледі. Қарабұлақ елді мекеніндегі мал сою алаңдарында жылқы етінің көтерме бағасы 3 100–3 200 теңге (туша) көлемінде қалыптасса, қаладағы базарлар мен ет павильондарында бөлшек саудада 3 400–3 500 теңгеге дейін сатылуда.

Баға өсіміне бірнеше фактор әсер етіп отыр:
— көршілес мемлекеттерден сұраныстың артуына байланысты сойыс салмағындағы ет өнімдерінің экспортқа шығарылуы;
— жемшөп құнының айтарлықтай қымбаттауы, нәтижесінде жылқы етінің өзіндік құнының өсуі.

Тұрғындарды қолжетімді бағамен қамту мақсатында әкімдік қала аумағындағы 6 орында апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін тұрақты ұйымдастыруда. Жәрмеңкелерде ет өндіруші шаруа қожалықтары өнімдерін тікелей ұсыну мүмкіндігіне ие болып, жылқы еті орта есеппен 3 400 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, мемлекеттік бақылауға жататын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізіміне тек сиыр етінің сүйекті жауырын-төс бөлігі енгізілген. Осыған сәйкес, бағаны тұрақтандыру үшін Шымкент қаласындағы ірі сауда желілерімен және ет өндіруші шаруашылықтармен келісімшарттар жасалған. Нәтижесінде қала тұрғындары әлеуметтік сауда нүктелерінен сиыр етін нарықтан төмен бекітілген бағада сатып алу мүмкіндігіне ие.

JQ-Aqparat

Фото: Tengrinews.kz

Бүгін, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)