Шымкент: Ауыл шаруашылығы тауарын өндеуші кәсіпорындарға қолдау бар

29 тамыз 2023, 15:26

Бүгінгі таңда Шымкент қаласы аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын 45-тен астам кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың негізгі бағыты ұн, макарон, ірімшік, сары май, айран, шұжық, консерві өндіру.
— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажеттігін, бұл – стратегиялық міндет екенін атап өтіп, саланы дамытудың негізгі бағыттарын айқындап берген болатын. Биыл негізгі бағыттарды жүзеге асыру мақсатында қалада ауыл шаруашылығында бәсекеге қабілетті өнім өндіру мен агроөнеркәсіп кешені жүйесін тиімді жүргізу бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды, — дейді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов.
Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін арттыру мақсатында биыл үш сүтті қайта өңдеу кәсіпорынын іске қосу жоспарланған. Қазіргі таңда «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау» бағдарламасы арқылы сүтті қайта өңдеп қатты ірімшік пен сары май өндіруші 6 кәсіпорынға мемлекеттік қолдау көрсетіліп, жыл сайын өнімдердің қуаттылығы арттылуда» дейді шаһар басшысы. Бұдан бөлек, Шымкент қаласының Қайнарбұлақ тұрғын алабы ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бойынша жалпы ауданы 132 гектар «Бозарық» тамақ өнеркәсібінің индустриялық аймағын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде екен.

— Халықтың азық-түлік тауарларына деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында қаламызда агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылатын индустриялық аймақтың инженерлік-инфрақұрылымдық желілерін биыл аяқтау жоспарлануда. Алдағы уақытта осындағы «Бозарық» өндірістік аймағы іске қосылған жағдайда құны 18 миллиард теңгені құрайтын 27 инвестициялық жобаны жүзеге асыратын боламыз. Бұл қала халқын таза, табиғи өніммен, азық-түлікпен қамтуға жол ашады. Нарықтағы бағаны да реттеуге, тұрақтандыруға септігі тиеді деген ойдамыз, — дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 18:53
Почему я за строительство АЭС в Казахстане?
Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды