jasqazaq.kz

Шымкент: Әуе қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жобалар жүзеге асуда

01 қазан, 15:26

Шымкент қаласында жолдардың сақталуы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында ауыр жүк көліктерін бақылайтын автоматтандырылған өлшеу станциялары орнатылуда. Жобаға 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, алғашқы үш станция биыл іске қосылды. Олар Шымкент–Сайрам және Шымкент–Қарамұрт бағыттарында орналасқан. 15 қазаннан бастап станциялар толық жұмыс істеп, шамадан тыс салмақпен жүрген көліктерге айыппұл салынады. 2026 жылға дейін қалада қосымша алты нүкте ашу жоспарланған. Бұл туралы бүгінгі брифингте Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек айтты.
Шымкент әуежайында жаңа ұшу-қону жолағы салынады. Бұған дейінгі жолағы соңғы рет 2007 жылы жөнделген еді. Жаңа жолақ 3500 метр ұзындықта, ені 60 метр болып, ИКАО-ның ІІІ санатына сәйкес тұрғызылады. Заманауи жарық-сигналдық жүйемен жабдықталатын нысан ауа райы қолайсыз кезде де ұшақ қабылдауға мүмкіндік береді. Төзімділігі жоғары жаңа жолақ арқылы ауыр жүк ұшақтары мен ірі жолаушы лайнерлерін шектеусіз қабылдау мүмкін болады.
Бұл екі жоба да Шымкенттің транзиттік әлеуетін арттырып, қала экономикасына серпін бермек. Жаңа станциялар жолдардың ұзақ мерзімді сақталуына ықпал етсе, әуежайдағы инфрақұрылымдық жаңғыру өңірдің халықаралық байланысын күшейтеді.
Сондай-ақ Шымкент қаласының бірқатар шағын аудандарында өрт қауіпсіздігін күшейту мақсатында жаңа өрт сөндіру деполарының құрылысы басталды. Қазіргі таңда Таскен, Елтай және Сәуле шағын аудандарында нысандардың құрылыс-монтаждау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Жаңа деполар пайдалануға берілген соң мұнда 20-ға жуық қызметкер жұмыс істеп, 2 өрт сөндіру техникасы тұрақты дайындықта тұрады. Сондай-ақ тұрғындарға учаскелік полиция, медициналық пункт, өрт сөндіру бекеті және жол-патрульдік қызмет те қолжетімді болмақ. Бір қабатты ғимаратта қызметтік кабинеттер, асхана және оқу сыныбы қарастырылған. Нысандардың құрылысы жыл соңына дейін толық аяқталуы тиіс.
Бұған қоса, жыл соңына дейін Бозарық пен Жаңаталап шағын аудандарында да осындай деполардың құрылысы басталмақ. Ал 2026 жылы Ынтымақ, Базарқақпа, Қайнарбұлақ, Шымсити және Ақжар шағын аудандары өрт сөндіру бекеттерімен қамтылады.
Қаладағы ауқымды жобалардың бірі – Тұран шағын ауданында салынып жатқан 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосы. Бұл нысанның құрылысы 2024 жылдың мамыр айында басталған, қазіргі таңда жұмыс көлемінің 25%-ы орындалды. Құрылыстың толық аяқталуы 2026 жылға жоспарланған.
Жаңа нысандардың іске қосылуы қала тұрғындарының қауіпсіздігін арттырып, төтенше жағдайларға дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

06 қазан, 11:27
Алматыда Азаматтық қоғамды дамытуға арналған форум өтті
30 қыркүйек, 11:51
Алматы: Сапалы ауыз сумен қамту бағытында
25 қыркүйек, 13:46
Алматы: Көлік инфрақұрылымындағы жаңа белес
25 қыркүйек, 13:15
Бүгінгі Әлемнің Тілеуі – Қауіпсіз Ғалам
23 қыркүйек, 16:23
"Үлкен Алмадағы" жемісті жүздесу
22 қыркүйек, 15:31
TEKNOFEST 2025: Стамбулды технология ордасына айналдырған фестиваль өтті
20 қыркүйек, 23:04
PRO.NRG Fest 2025: Тамыры тереңнің бұтағы биік
20 қыркүйек, 12:12
Қала күніне орай ауданда жаңа жүргіншілер аймағы ашылды
03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке