jasqazaq.kz

Шымкент: Аудан аумақтарында тазалау жұмыстары жүруде

28 тамыз 2025, 17:46

2025 жылғы 27 тамыз күні Шымкент қаласының Абай, Қаратау, Тұран аудандары аумағында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету және көгалдандыру бағытында бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылды. Бұл жұмыстар қаланың көркеюіне және тұрғындарға қолайлы өмір сүру жағдайын қалыптастыруға бағытталған.
Аталған іс-шараларға жалпы саны 100-ден астам адам және 21 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Асар, Шымсити, Қайнарбұлақ, Бозарық, шағын аудандары мен Бәйдібек би даңғылы, А2 айналма жолы, Түркістан, Темірлан тас жолы, Бақбаев, Әл-Фараби, Өтегенов, Төлеметов, Арғынбеков, Жиделібайсын, Жаңа талап, Гагарин, Бөлешев, Сырым батыр, Бәйтереков, Ерімбетов, Алматы көшелерінің бойы мен арық-атыздарды тазалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 4 450 метр ирригациялық жүйелер тазаланды. Жалпы 149 тонна қоқыс шығарылды.
Аумақтардағы тазалықты қамтамасыз ету үшін қоқыс жинау жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында қосымша жұмысшылар тартылып, мобильді топтар түнгі ауысымда да тазалық жұмыстарын жалғастыруда. Бұл – тазалықты тәулік бойы қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралардың бірі.

Сонымен қатар, көгалдандыру бағытында 78 маманның қатысуымен Тұран шағын ауданы және Жаңа терминал, Сквер-1, Асар ауруханасы аймағында да шөп шабу және газон қырқу жұмыстары жүргізілді. Бұл – қаланың жасыл қорын сақтауға, оны ұлғайтуға және экологиялық жағдайын жақсартуға ықпал ететін маңызды шаралар.
Тазалық жұмыстары аясында Сыпырған ата, Арғынбекова, Сейхун, Жантөре ата, Алматы көшелері және Бәйдібек би даңғылында орналасқан 90 аялдама және А.Байтұрсынов, Ғ.Мұратбаев, Д.Қонаев, Б.Момышұлы ескерткіштері жуылып, тазартылды. Бұл жұмыстар тұрғындар мен қоғамдық көлік пайдаланушылары үшін қолайлы әрі гигиеналық қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылды.
Аталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады. Негізгі мақсат – қала тұрғындары үшін жайлы, қауіпсіз, таза және жасыл өмір сүру ортасын қалыптастыру.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігі 

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады