Шымкент: Ауа ластануының алдын алуды арнайы топ бақылайды

31 шiлде 2023, 11:46

Шымкент қаласында жер қойнауын заңсыз пайдаланған тұлғалар қатаң жазаланады. Шымкент қаласы экология департаментінің дерегінше, биыл заңсыз жер қойнауын пайдалану дерегі бойынша 3 жеке тұлғаға жалпы сомасы 198 мың теңгені құрайтын әкімшілік айыппұл салынды. Әл-Фараби ауданы аумағында санитарлық тазалау жұмыстарын өз деңгейінде ұйымдастырмағаны үшін аудан әкімдігінің лауазымды тұлғасына әкімшілік жауапкершілік қаралды.

Қаратау және Әл-Фараби аудандары аумағында жеке кәсіпкер Вейсалидзе, «ШымкентСпецКомплекс» және «Спецавтотранспорт» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаруды, тасымалдауды өз деңгейінде ұйымдастырмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі таңда, ҚР Бас прокуратурасының тапсырмасы негізінде, Шымкент қаласының Тұран, Абай, Еңбекші, Қаратау және Әл-Фараби аудан прокуратураларының Қаулысымен жолаушылар тасымалын және техникалық тексеруді жүзеге асыратын 17 автопарктерге тексеру тағайындалып, департаменттің мамандары тексеріске қатысуда.

Шаһардың экологиялық ахуалын бақылайтын департамент тұрғындардың шағымына да назар аударған. Көктем, жаз мезгілінде әсіресе түнгі уақытта мерзімдік өзгерістерге байланысты жағымсыз иістің пайда болуына шағым көбейеді. Ластау көзін анықтау үшін 2023 жылдың мамыр айында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Н.Ергешбекпен жұмысшы топ құрылып, түнгі кезекшіліктер ұйымдастырылған.

Жұмысшы топ құрамында 14 мекеме, атап айтқанда, Шымкент қаласы бойынша экология департаменті зертханасымен, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы, Еңбекші ауданы әкімі аппараты, «Казгидромет» РМК-ның Түркістан облысы бойынша филиалы, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, санитар, төтеншеліктер, полиция өкілдері бар. Аталған топ түнгі сағат 23:00-ден 03:00-ге дейін қала аумағында кезекшілік атқарады. Кәсіпорындардың басым бөлігі индустриалды аймақтарда шоғырланғандықтан мониторинг жұмыстары осы аймақтарда жүргізіледі.

Кезекшілік уақытында «Оңтүстік» және «Ордабасы» индустриалды аймақтарында орналасқан метал балқыту зауыттарының және медициналық қалдықтарды залалсыздандыратын кәсіпорындарының санитарлық қорғаныш аймағынан атмосфералық ауаға аспаптық сынама алу нәтижесінде, ластаушы заттардың шекті мөлшердегі концентрациядан асу фактілері анықталды. Жылдың басынан индустриялық аймақта 4 кәсіпорынға тексеру аяқталып, тиісті әкімшілік шара қабылданды.

Мерей Әлімбек

08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады