jasqazaq.kz

Шымкент: Атмосфералық ауа сапасын бақылау күшейтілуде

26 қараша 2025, 19:10

Шымкент қаласында кешкі уақытта ауада түтіннің байқалуының негізгі себептері: ауа температурасының төмендеуі, желдің болмауы, автокөліктердің көп шоғырлануы және жеке секторларда құрғақ шөп пен күзгі жапырақтарды жағу жағдайларының артуы. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі – қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек өткізген брифингте айтылды.

Қала аумағының атмосфералық ауа сапасы «Қазгидромет» мекемесіне тиесілі 7 бақылау бекеті (4 қолмен сынама, 3 автоматтандырылған) арқылы үздіксіз бақыланып келеді. Қазіргі уақытта жоғарғы және экстремалды ластану фактілері тіркелген жоқ.

2025 жылғы 23–24 қарашада тұрғындар шағымдары негізінде «ПетроҚазақстанОйлПродактс» ЖШС және Индустриалды аймақтар аумағында мониторинг жүргізілді. Соның нәтижесінде санитарлық қорғау аймағында ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген нормадан асуы анықталған жоқ.

Қаладағы 4 ірі кәсіпорын – «ПКОП», «Стандартцемент», «Шымкентцемент» ЖШС және «3-Энергоорталық» АҚ – автоматтандырылған мониторинг жүйесімен онлайн режимде бақылануда. Сонымен қатар, тұрғындардың шағымдары бойынша «Ордабасы» Индустриалды аймағындағы бір өндірістік кәсіпорынға тексеру тағайындалды.

2025 жылдың алғашқы 10 айында Департамент 29 тексеру жүргізіп, 50 әкімшілік іс қозғалып, шамамен 37,6 млн теңге айыппұл салынды. Оның 32,6 млн теңгесі өндірілді. Индустриалды аймақтарда 12 мекеме тексеруден өтті, оның ішінде: «High Industrial Lubricants & Liquids Corporation» ЖШС, «Китайско-Казахстанская Марганцевая Индустриальная Группа» ЖШС, «ЦветЛит» ЖШС, «Element 5» ЖШС, «ЭкоШина» ЖШС, «Категория ДМ» ЖШС, «Аламан Береке» ЖШС, «ENN» ЖШС, «Гермес-Б.Е.» ЖШС, жеке кәсіпкер «Хабибулла», «ТРМ» ЖШС, «VegaSmelting» ЖШС.

Сонымен қатар, экологиялық нұсқамаларды орындамаған 4 кәсіпорынға (оның ішінде «Китайско-Казахстанская Марганцевая Индустриальная Группа» ЖШС, «ХИЛЛ» ЖШС, «Гермес БЕ» ЖШС, жеке кәсіпкер Хабибулла) қатысты ҚР ӘҚБтК 462 бабының 3 тармағы бойынша хаттамалар толтырылып, сотқа жолданды. Экологиялық рұқсатсыз жұмыс жүргізген 4 кәсіпорынның қызметі уақытша тоқтатылып, айыппұлдар салынды.

Шымкент қаласында ауа сапасын бақылау жүйесі тұрақты түрде жүргізіліп, тұрғындардың қауіпсіздігі мен экологиялық тұрақтылық қамтамасыз етілуде.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді