jasqazaq.kz

Шымкент: Ардагерлермен тағылымды кездесу өтті

30 қыркүйек 2025, 12:23

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Шымкент қаласында «Ауыл» партиясының бастамасымен ардагерлерге арналған тағылымды кездесу ұйымдастырылды.

Қарттарға құрмет көрсету – халқымыздың сан ғасырлық салт-дәстүрінің бір көрінісі. Осы орайда «Ауыл» партиясының Шымкент қаласы бойынша өңірлік филиалы аталмыш мерекеге орай мазмұнды іс-шара өткізіп, ардагерлерге ерекше ықылас танытты. Іс-шараның негізгі мақсаты – ардагерлерді заманауи технологиялармен таныстыру, цифрлық сауаттылықтарын арттыру және қоғамдық өмірге бейімдеуге қолдау көрсету болды.

Өңірлік филиал төрағасы Ғани Қарабековтың бастамасымен өткен дөңгелек үстел форматындағы кездесуде ардагерлер жасанды интеллект тақырыбында әңгіме өрбітіп, бүгінгі күннің басты жаңалықтарының бірі – ChatGPT бағдарламасымен танысты.

Кездесу барысында қатысушыларға аталған бағдарламаны ұялы телефонға орнату, оны қолдану тәсілдері және күнделікті өмірде тиімді пайдалану жолдары жан-жақты түсіндірілді. Бұл бастама ардагерлердің цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.
Ардагерлер жаңа технологияларға үлкен қызығушылық танытып, өздерін толғандырған сұрақтарға нақты жауап алды. Олар жасанды интеллектті тұрмыстық мәселелерді шешуде, ақпарат алуда және күнделікті қарым-қатынаста тиімді қолдануға болатынына көз жеткізді.

Іс-шара барысында ардагерлерге құрмет көрсетіліп, еліміздің дамуына қосқан өлшеусіз үлестері ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, «Ауыл» партиясының 25 жылдық мерейтойына орай партия төрағасы Серік Егізбаевтың атынан ардагерлерге арнайы мерекелік медальдар табысталды.

Мұндай кездесулер қоғамда ынтымақтастық рухын арттыруға өзіндік үлесін қосатыны сөзсіз. Сондай-ақ ол аға буын мен жас буын арасындағы байланысты нығайтып, өмірлік тәжірибе мен заманауи білім алмасуына жол ашты.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады