jasqazaq.kz

Шымкент: Әлеуметтік саланы дамытуда жаңа жобалар іске асуда

29 қазан 2025, 19:15

Соңғы екі жылда қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің бастамасымен Шымкентте әлеуметтік салада ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бірқатар әлеуметтік нысандар жаңартылып, ерекше күтімді қажет ететін балалар мен қарттарға қолайлы жағдай жасалды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі – әкімнің орынбасары Сәрсен Құранбек айтып өтті.

Мәселен, 58 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан № 6 балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы алғаш рет 1,3 млрд теңгеге күрделі жөндеуден өтіп, жаңа кейіпке енді. №5 «Аялы алақан» орталығының аумағы кеңейтіліп, демеушілердің көмегімен ойын алаңы жаңартылды, енді мұнда ерекше балалар үшін шағын саябақ жасалуда.

Қарттарға арналған қызметтер де кеңеюде. 2023 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан «Ізетті зейнеткер» орталығы Бозарық шағынауданында жаңа ғимаратқа көшіп, 120 адамға дейін қабылдай алады. Мұнда зейнеткерлерге медициналық, емдік және мәдени-сауықтыру қызметтері көрсетіліп, төрт мезгіл тамақ беріледі. Сонымен қатар, 2024 жылы «Нұрсәт» шағынауданында «Белсенді ұзақ өмір орталығының» жаңа бөлімшесі ашылып, зейнеткерлердің бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік жасалды.

Сонымен бірге ересек жастағы ерекше жандарға арналған №1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қосымша 50 орындық ғимарат салынуда. Жобаның құны – 1,9 млрд теңге, құрылыс осы жылдың желтоқсанында аяқталады. Бұдан бөлек, Бозарық шағынауданында 5 гектар аумақта 150 орындық оңалту орталығының құрылысы жүргізіліп жатыр. 13,8 млрд теңге тұратын нысан 2026 жылы пайдалануға беріледі.

Бұл жобалар Шымкент қаласында әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғыртуға, халықтың өмір сапасын арттыруға және қоғамның осал топтарына қолдау көрсетуді күшейтуге бағытталған.

Сондай-ақ шаһардағы №1 қалалық клиникалық аурухана ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстарын аяқталуға жақын. Жобаның жалпы құны 2,9 миллиард теңгені құрайды. Аталған медициналық нысан 1971 жылы салынған. Қазіргі уақытта жалпы ауданы 26 674 шаршы метрді қамтитын аурухана 530 төсек-орынға арналған. Күрделі жөндеу жұмыстары аурухананың инфрақұрылымын толық жаңғыртуға, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға және науқастар мен медицина қызметкерлеріне заманауи, жайлы әрі санитарлық талаптарға сай жағдай жасауға бағытталған.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі  

 

 

 

22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)