jasqazaq.kz

Шымкент: Әлеуметтік салада ауқымды жұмыс атқарылды

13 шiлде 2025, 22:20

Шымкент қаласында әлеуметтік қолдау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Бұл жөнінде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева «AMANAT» партиясының қалалық филиалында өткен есептік кездесуде баяндады. Кездесу барысында басқарма тарапынан 2025 жылдың алғашқы жартысында жүзеге асырылған негізгі көрсеткіштер мен жобалар таныстырылды.

«AMANAT» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған “Халықпен бірге!” сайлауалды бағдарламасының 16 тармағының 14-і Шымкенттегі әлеуметтік басқармаға жүктелген. Осы орайда басқарма басшысы бағдарламаның орындалу барысына жан-жақты тоқталды.

2025 жылға арналған жоспар бойынша 18 мың адамды жұмыспен қамту көзделсе, жарты жылдық қорытынды бойынша 12 497 адам қамтылған (69,4%). Оның ішінде, 4 688 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 3 662 адам онлайн оқуға жолданды, 1 589 адам кәсіпкерлік бағытта оқуға тартылды. Сонымен қатар, 2 614 жаңа жұмыс орны құрылды.

Әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар басқарманың әлеуметтік қолдау шаралары аясында, 4 172 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды , 109 отбасы тұрғын үй көмегімен қамтылды, «Бақытты жанұя» (қазіргі «Отбасын қолдау орталығы») базасында 5 032 отбасыға құқықтық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетілді.

Әлеуметтік қолдау бағытында ардагерлер де шет қалмады. Қолдау ретінде 1 270 адамға санаторийлік жолдама берілді. Сонымен қатар, «Ізетті зейнеткер» орталығында 906 ардагер қамтылып отыр.

Биыл 160 әлеуметтік нысанға пандус орнату жоспарланған. Жалпы 277 нысанды бейімдеу көзделіп отыр. Қалада қазіргі таңда 4 “Белсенді ұзақ өмір” орталығы жұмыс істеп тұр. 2025 жылы Абай ауданында жаңа бөлімше ашу жоспарланған. Алайда, 150 орындық оңалту орталығының құрылысы қаржы тапшылығына байланысты 2026 жылдың соңына шегерілген.

Жанат Өтебаева өз баяндамасында негізгі әлеуметтік көрсеткіштердің орындалып жатқанын атап өтті. Дегенмен, кей жобаларды жүзеге асыруда қаржыландыру мәселесі басты кедергі болып отыр. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіштерді жақсарту – басқарманың басты міндеттерінің бірі.

Шымкент қаласында әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамту бағытында атқарылған жұмыстар нәтижелі. Есептік кездесу көрсеткендей, әлеуметтік салада айтарлықтай ілгерілеу бар. Алайда, қолда бар жобаларды толығымен іске асыру үшін тұрақты қаржыландыру мәселесін шешу маңызды болып отыр.

«Кез келген әлеуметтік жобаның түп мақсаты — адам өмірінің сапасын арттыру», — дейді басқарма өкілдері.

Бибайша Нұржанқызы, 

Шымкент 

24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?