jasqazaq.kz

Шымкент: Әлеуметтік сала қызметкерлері күні аталып өтеді

22 қазан 2025, 21:20

Қазан айының соңғы жексенбісі елімізде әлеуметтік сала қызметкерлерінің күні ретінде аталып өтеді. Бұл – қоғамның әлсіз топтарына қолдау көрсетіп, адамдардың өміріне мейірім мен жылулық сыйлайтын мамандардың еңбегін дәріптейтін маңызды мереке. Еліміздің үшінші мегаполисінде де әлеуметтік сала қызметкерлеріне құрмет көрсетіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі — қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек айтты.
Бүгінде Шымкент қаласында 1 913 әлеуметтік сала қызметкері жұмыс істейді. Оның ішінде 1 688 маман мүгедектігі бар балалар мен ересектерге, жалғызілікті қарттарға және өз-өзіне қызмет көрсете алмайтын азаматтарға көмек көрсетсе, 30 қызметкер отбасының беріктігін нығайту бағытында еңбек етуде. Ал 195 әлеуметтік қызметкер халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығындағы белсенділікті арттыру бағытында жұмыс атқарып келеді.
Қалада қазіргі таңда 13 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, 1 санаторлық-курорттық қызмет көрсету орталығы, мүгедектігі бар азаматтарға арналған 1 әлеуметтік қолдау орталығы, 1 отбасын қолдау орталығы, сондай-ақ Еңбек мобильділігі орталығы мен әр ауданның мансап орталықтары халыққа қызмет көрсетіп отыр.
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында психоневрологиялық ауытқуы бар, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға, 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар азаматтарға және өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын І-ІІ топтағы мүгедектер мен жалғызілікті қарттарға көмек көрсетіледі. Қызметтер стационар, жартылай стационар, үйде қызмет көрсету және уақытша болу жағдайында ұйымдастырылған.
2025 жылдың 1 қазанына дейін қала бойынша 3 236 адам арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерімен қамтылған. Оның ішінде стационар жағдайында – 752 адам, жартылай стационарда – 793 адам, уақытша болу жағдайында – 402 адам, ал үйде қызмет көрсету бойынша – 1 289 адам көмек алған.
JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар орталығы

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді