jasqazaq.kz

Шымкент: Әлеуметтік осал топтар МӘМС жүйесі арқылы емделеді

31 шiлде 2025, 20:35

Елімізде медициналық мекемелерде емделу міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі арқылы жүзеге асатыны белгілі. Келесі жылдан бастап «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңға енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес, жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік әл-ауқат деңгейі бойынша дағдарыстық және шұғыл жағдайдағы (D және E деңгейі) санаттарына жататын азаматтар үшін сақтандыру жарналарын төлейтін болады. Заңға енгізілген бұл өзгеріс әлеуметтік осал топтарды медициналық көмектен қағылмауын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар да жергілікті бюджет есебінен сақтандыру жүйесіне қосылады. Бұл өзгерістер жергілікті әкімдіктердің халықты жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын құру, кедейлікті азайту секілді әлеуметтік-экономикалық бағыттардағы жауапкершілігін арттырады.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңға енгізілген өзгерістерге орай, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шымкент қалалық филиалының мамандары Абай ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Алаш базарында тұрғындармен кездесіп, заңнамадағы өзгерістер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесуде халыққа жаңашылдықтардың маңызы мен артықшылықтары кеңінен түсіндірілді.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша тұрғындардың 80 пайыздан астамы, яғни 1 миллионнан астам адам сақтандырылған. Оның ішінде 700 мыңнан астам азамат жеңілдік санатына жатады және олардың жарнасын мемлекет төлейді. Дегенмен, 237 492 адамның сақтандыру мәртебесі жоқ, оның ішінде 56 мыңнан астамы – әлеуметтік осал топқа жататын азаматтар.

Жаңа өзгерістер медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Шымкент қаласында осы бағыттағы түсіндіру және халықты МӘМС жүйесінде қамту жұмыстары жалғасуда.

JQ-Aqparat

Сурет: ғаламтор

 

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді