jasqazaq.kz

Шымкент: Әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 333 грант табысталды

18 қыркүйек 2025, 18:25

Шымкент қаласында әлеуметтік санаттағы тұрғындарды қолдау мақсатында 333 азаматқа 400 айлық есептік көрсеткішке дейінгі (1,57 млн теңгеге дейін) қайтарымсыз мемлекеттік грант берілді. Бұл туралы бүгінгі өткен брифингте қаласы әкімдігінің ресми өкілі, әкімнің орынбасары Сәрсен Құранбек айтты.
2025 жылдың екі лек бойынша өткізілген конкурсқа барлығы 1756 өтініш түсті. Оның ішінде 336 үміткердің жобасы мақұлданып, 333-іне қаржы аударылды. Екі адамның есепшоттары бұғатталуына байланысты гранттан бас тартылды.
Бірінші лекте 134 адам (65 жеке кәсіпкер, 69 жұмыссыз), екінші лекте 199 адам (101 жеке кәсіпкер, 98 жұмыссыз) қолдау тапты. Комиссия отырыстары 25 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында өтті.
Грант иегерлерінің қатарында көп балалы отбасылар – 192, мүгедектігі бар азаматтар – 51, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырғандар – 59, асыраушысынан айырылғандар – 22, атаулы әлеуметтік көмек алушылар – 9 адам бар.
Жобалар негізінен қызмет көрсету (151), өндіріс (53), кондитерлік және нан өнімдері (37), тігін (35), жартылай дайын өнімдер (24), мал және құс шаруашылығы (12), жиһаз өндірісі (4), сондай-ақ фаст-фуд, ыстық тағам, кофе сияқты басқа бағыттар (17) бойынша іске асырылуда.
Мемлекеттік гранттар азаматтардың жеке кәсіп ашуына, табысын арттыруына және жаңа жұмыс орындарын құруына жол ашпақ. Қаржы қайтарымсыз болғанымен, оның мақсатты жұмсалуын Еңбек мобильділігі орталығы жанынан құрылған мониторинг тобы қадағалайды. Мақсатсыз пайдаланылған жағдайда қаражат мемлекетке қайтарылуы тиіс.
JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі 

Бүгін, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
Бүгін, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат