jasqazaq.kz

Шымкент: Әлеуметтік мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табуда

25 қыркүйек 2025, 21:30

Тұран ауданына қарасты Арғымақ шағын ауданында әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелер кезең-кезеңімен шешілуде. Бұл туралы бүгін, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Құранбек мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазіргі таңда ауданда мектеп салынбағанымен, 2,5 шақырым жердегі Құлагер шағын ауданында 2024 жылы 1200 орындық №147 мектеп пайдалануға берілді. Бұл мектеп Арғымақ және Құлагер шағын аудандарының оқушыларына қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, 3 шақырым қашықтықта орналасқан Ақжар шағын ауданындағы №122 мектепте де білім беру қызметі қолжетімді. Арғымақта мектеп жасындағы балалар саны 500-ге жетпейтіндіктен, жаңа мектеп салу жоспарда жоқ.
2022 жылдан бері 50 балаға арналған «Арғымақ» жекеменшік балабақшасы жұмыс істейді. Құлагер мен Ақжар шағын аудандарында орналасқан балабақшалар да мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етеді. Қосымша балабақша салу қажеттілігі туындамаған.
Емхана Арғымақ шағын ауданында салынбағанымен, тұрғындарға №11 қалалық емханаға қарасты Ақжар шағын ауданындағы амбулатория қызмет көрсетуде. Халық санының аз болуына байланысты жеке медициналық нысан салу қарастырылмаған.
Аудандағы 12 көшенің 8-і қажетті инфрақұрылыммен толық қамтылған. 256 тұрғын үйдің шамамен 160-ында халық тұрып жатыр, қалған учаскелерде құрылыс жұмыстары жалғасуда.Арғымақ шағын ауданы бойынша туындаған мәселелер алдағы уақытта да кезең-кезеңімен шешіле бермек.
Сондай-ақ брифтингте Шымкент қаласында қоғамдық көлік қызметін жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқаны айтылды. Жуырда №150 және №146 бағыттарға 30 жаңа Yutong маркалы автобус жолға шықты. Бұл автобустар — елімізде, Қарағанды қаласында құрастырылған отандық өнім. Жаңа тасымалдаушы – «Bozjorga Bus» ЖШС қызмет көрсетуде.
Қала әкімдігі тарапынан бәсекелестік орта қалыптастыру арқылы көлік сапасын арттыру, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету көзделіп отыр.
Сондай-ақ, Еңбекші ауданы Қойкелді батыр – Ақназархан көшелеріндегі теміржол өткелі 23 қыркүйекте қайта жөнделіп, пайдалануға берілді. Жөндеу жұмыстары 5 ай ішінде аяқталып, өткелдің барлық негізгі құрылымдары жаңартылды. Бұл – қаладағы көлік қатынасын едәуір жеңілдетуге бағытталған маңызды жоба.
JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі 

Бүгін, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?