Шымкент: Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сататын тағы бір сауда орны ашылды

15 тамыз 2023, 21:09

Шымкентте «GraMad» сауда желісінің 24-ші нүктесі қаламызда халық тығыз орналасқан Тұран шағынауданында ашылды. 17 мыңға жуық халық тұратын шағынаудан енді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етіледі.

Нысанның жалпы алаңы 650 шаршы метрді құрайды. Жалпы құны 100 млн. теңге инвестиция құйылып, 20 жаңа жұмыс орны ашылды. «GraMad» сауда желісі 2019 жылдан бастап үй жанындағы дүкен форматына көшіп өз тұтынушыларына алуан түрлі тауарлар ассортиментін ұсынып, жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған.

Сонымен қатар, сауда орны Шымкент қаласының әкімдігімен бірлесе «GraMad» сауда желісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұрақтандыру бағдарламасының қатысушысы болып табылады.

Сауда желісі айналым қаражат есебінен, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары белгіленген бағада сатуда. Тұрақтандыру қорының айналым қаражаты есебінен ағымдағы жылдың соңына дейін «GraMad» сауда желісінің нүктелерін 30-ға дейін арттыру жоспарланған.

Бүгінде қала халқын азық-түлік тапшылығын болдырмау және баға қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тұрақтандыру қорына 8,7 млрд теңге қаржы бөлінген. Тиісті министрлік тарапынан бекітілген ережеге сәйкес, қаражаттың 70 пайызы тауар өндірушілерге, қалған 30 пайызы сауда желілерін қолдауға жұмсалады. Бүгінгі таңда, көкөніс өнімдерін сататын 100 жылжымалы әлеуметтік сауда орындары белгіленіп, орналастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

–Ондай кәсіпорындарға ұн, жұмыртқа, нан, сиыр мен тауық еті, картоп, сәбіз, қырыққабат өндіретін мекемелер жатады. Сонымен бірге, «Грамад» пен «Магнум» сауда желілеріне 0,1 пайызбен айналым қаражаты берілді. Нәтижесінде қазір қала аумағында 200-ден астам сауда орнындағы әлеуметтік сөрелерде 19 түрлі азық-түлік өнімдері арзан бағада сатылып жатыр. Биылғы жылдың соңына дейін әлеуметтік сауда орындарының саны 300-ге жеткізілетін болады, – дейді шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Ә.Жанбатыров.

Әкімдік тарапынан әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қымбаттауын болдырмау және делдалдардың қызметін реттейтін арнайы комиссия құрылған. Арнайы топ бүгінге дейін 50-ге жуық жиын өткізіпті. Оның құрамында әкімдік мүшелері, бәсекелестікті қорғау секілді құзырлы органдар мен департамент өкілдері бар. Жұмысшы топ сауда орындарында тауар үстіне қоятын құнды тым қымбаттатып жібермеуін қадағалайды. Олар үй маңындағы, базарлар мен дүкендер, сауда нүктелерінде бағаның негізсіз өсіруін болдырмауды бақылайды.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады