Шымкент: Әлеуметтік дүкендерде азық-түлік шектік бағада сатылады

11 тамыз 2023, 9:57

Жыл басынан бері Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі 116 пайызға жетті. Баға тұрақтылығы жағынан үшінші мегаполис республикалық рейтингтің 9 орнында тұр. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары құнын тұрақтандыруға қатысты іс-шаралар жоспары бекітіліп, соның аясында өңірлік тұрақтандыру қоры жұмыс істейді.

Өңірлік тұрақтандыру қорына жергілікті бюджет есебінен 7,8 млрд теңге бөлінді. Қаладағы «Magnum Cash&Carry», «Gramad» секілді ірі сауда желілерін азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін «Шымкент құс» ЖШС, «Қасқасу-С» және «Бәйтерек» шаруа қожалықтары, ЖК «Темиршиков», «Дос» ЖШС, ЖК «Сәлін Тимур» тағы сол сияқты жергілікті тауар өндірушілері мен ірі бизнес субъектілеріне 5,4 млрд теңгеге жуық қарызға айналым қаражаты беріліп, тиісті келісімшарттар түзілді.

Кәсіпкерлік субъектілерімен түзілген келісімшарттар негізінде, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қаламыздағы 40-қа жуық ірі сауда желілерінде белгіленген бағада сатылып жатыр. Соның арқасында қала тұрғындары ең қажетті азық-түлік тауарларын нарық бағасынан төмен бағада сатып алуға мүмкіндік алды.

Биылғы жылға қаралған 2 млрд теңге қаржы халықтың тығыз орналасқан аймақтарындағы тұрғындарды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен төмен бағада қамтамасыз ету мақсатында бөлінді. «Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі» комиссияның шешімімен азық-түлік сауда нысандарына айналымға қарыз қаражаттар беру бойынша жұмыстар басталды.

Делдалдық қызметті шектеу мақсатында «Қасқасу-С» шаруа қожалығына қарасты 18-ші және Нұрсәт шағынаудандарындағы «QazEt» әлеуметтік дүкендерінде сиыр еті белгіленген бағада сатылуда. Ал, Елшібек батыр көшесінде орналасқан «Hermes» ЖШС-не қарасты әлеуметтік дүкенінен көкөніс өнімдерін арзан бағада сатып алуға болады. Көкөніс өнімдерінің бағаларын тұрақтандыру үшін Тәжікстаннан ерте пісетін өнімдер қаламызға уақытылы жеткізіліп отыр.

Бұған қосымша, көкөніс өнімдерінің егістік алқабы бар Колесников шаруа қожалығымен бірлесіп шаһардың «Самал», «Айна», «Орталық қырғы базар» ірі сауда орындарының алдында жылжымалы әлеуметтік сауда нүктелері ұйымдастырылды. Сондай-ақ, әр аптаның сәрсенбі, сенбі және жексенбі күндері қаланың 4 жерінде, яғни «Фосфоршылар» мәдениет үйінің алды, «Қажымұқан» атындағы орталық стадион аумағы, «1000 ұсақ-түйек» сауда қатары, Нұрсәт шағынауданындағы «Kulzakhira» сауда үйінің маңында жергілікті тауар өндірушілері мен шаруа қожалықтарының қатысуымен базар нарқынан 10-15 пайызға төмен бағада азық-түлік жәрмеңкелерін өткізіп келеді.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады