jasqazaq.kz

Шымкент: Әлеуметтік дүкендер мен жәрмеңке саны артып келеді

08 қазан, 19:40

Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын тұрақтандыруға айрықша маңыз беріледі. Бұл бағытта Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында бірқатар кешенді шаралар қолға алынған. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, әкімнің орынбасары Сәрсен Құранбек осы мәселеге егжей-тегжейлі тоқталды.
Қазіргі уақытта қала әкімдігінің бастамасымен ірі сауда желілері мен жергілікті өндірушілер арасында келісімшарттар жасалып, бүгінде 80-ге жуық әлеуметтік сауда нүктесі тұрақты түрде жұмыс істеп тұр.
Атап айтқанда, қалада «Грамад» сауда желісінің 22 нүктесі, «Магнум» желісінің 26 нүктесі, «Маркет» желісінің 2 нүктесі, «Қасқасу-С» шаруа қожалығының көкөніс сататын 5 сауда орны және «Qaz Et» ет павильонының 5 нүктесі, сондай-ақ «Бәйтерек» шаруа қожалығының 3 сауда орны жұмыс істейді.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, әлеуметтік дүкендердің санын арттыру мақсатында халық тығыз орналасқан аумақтарда «Бақша» атты 14 жаңа әлеуметтік дүкен іске қосылды. Қазіргі таңда тағы 10 қосымша сауда нүктесі орнату жұмыстары жүргізілуде. Бұл дүкендерде күнделікті тұтынуға қажетті негізгі азық-түлік өнімдері нарықтағыдан төмен бағада сатылады. Мұндай қадам халықты қолжетімді бағадағы тауарлармен қамтуға және әлеуметтік жағдайды жақсартуға бағытталған тиімді бастама болып отыр.
Бұдан бөлек, қала аумағында апта сайын 6 жерде азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылып келеді. Онда әр апта сайын шамамен 150 тонна күнделікті тұтынатын тауарлар нарық бағасынан 10–15 пайызға арзан бағада сатылады. Жәрмеңкелерге 300-ге жуық кәсіпкер тұрақты түрде қатысады.
Жәрмеңкелердің өткізу орындары мынадай:
• әр жұма күні — «Шымсити» шағын ауданындағы №21 көпқабатты үйдің алдындағы автотұрақта;
• әр сенбі күні — «Тұран-2» шағын ауданында және «Қажымұқан» атындағы орталық стадион аумағында, сондай-ақ «1000 ұсақ-түйек» дүкені алдында;
• әр жексенбі күні — «Тұран» шағын ауданындағы «Zharqyn tau» сауда үйінің және «Астана» шағын ауданындағы №74, №77 үйлердің артындағы автотұрақ аумағында өткізіледі.
Сонымен қатар, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және тұтынушылардың жүктемесін төмендету мақсатында ірі сауда желілерімен меморандумдар жасалып, «Береке Fest» республикалық акциясы ұйымдастырылуда.
JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр
17 желтоқсан, 13:59
Мерей Оңғаров: Алматыны газдандыру 100 пайызға жақындады
16 желтоқсан, 14:00
Алматы: Жылу жүйесі қыс маусымына дайын
15 желтоқсан, 14:01
Алматының индустриалдық аймағы – даму драйвері
12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы
12 желтоқсан, 12:09
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет