jasqazaq.kz

Шымкент: Ақсақалдар кеңесі қоғамдағы ынтымақтастықты арттыру жолында

16 тамыз, 14:27

Елді ел ететін – бірлік, халықты ұйыстыратын – құндылық. Ұлттық дәстүр мен өнегені, елдік рух пен татулықты насихаттау – бүгінгі буынның да, ақсақалдар алқасының да басты міндеті. Ақсақалдар алғасы қоғамдағы ынтымақтастықты арттыруда үлкен роль атқарады. Шымшаһардағы Қазақстан Халқы ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесі бұл бағыттағы жұмысын бір сәтке де тоқтатқан емес.

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің кезекті отырысы елдік мүдде мен ұлттық бірліктің маңызын айқындай түсті. Кеңес төрағасы Орынбай Рахманбердиев жиынды ашып, қатысушыларға сәттілік пен жемісті жұмыс тіледі.

Басқосуға қалалық мемлекеттік органдардың өкілдері, этномәдени бірлестіктер жетекшілері, спорт федерацияларының мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері және «Қоғамдық келісім» қызметкерлері қатысты. Жиында ел бірлігі, ұрпақ тәрбиесі, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, этносаралық келісімді сақтау сияқты өзекті мәселелер сөз болды. Жиынға қатысқан білім саласының ардагері Нышан Байғұтов жас ұрпақты адалдық, әділеттілік және патриотизм рухында тәрбиелеудің жолдарын атап өтіп, мемлекетшіл, жауапкершілігі жоғары буын қалыптастыруда ақсақалдардың рөлін айрықша атады. Мемлекет және қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов те жиынға қатысып, «Адал Азамат» жобасының мәніне тоқталып өтті. Сондай-ақ азаматтық жауапкершілік пен әлеуметтік кемелдікті арттырудың маңызын жеткізді.

Ақсақалдар назарынан ұлттық ойындарды жаңғырту мәселесі де тыс қалған жоқ. Қалалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті А. Толықбаев бұл ойынның жастардың зияткерлік дамуы мен шыдамдылығын арттырудағы орнын айта отырып, Ақсақалдар кеңесімен ынтымақтастықты нығайтуға шақырды. Басқосуда қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің ұсынысымен Арипджан Халназаров кеңестің жаңа мүшесі ретінде қабылданып, бұл қадам көп этносты қауымдастықтың бірлігін тағы бір паш еткендей.

Жиын барысында еліміздің басты заңы – алда аталып өтетін Конституциясның 30 жылдығы да кеңінен талқыланды. Ақсақалдар кеңесі Ата заңымыздың Тәуелсіздік жылдарындағы мемлекет дамуы мен қоғам тұтастығын сақтаудағы рөлін ерекше бағалап, оны құрметтеу – әрбір азаматтың парызы екенін тағы бір еске салды.

Шымкент қаласындағы Қазақстан Халқы ассамблеясының Ақсақалдар кеңесі қоғамдағы береке-бірлік пен ынтымақтастықтың әрмен қарай нығаюына өз үлесін қоса бермек.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?
29 қазан, 19:25
Инженерлік инфрақұрылым - игіліктің бастауы
29 қазан, 13:36
Қанат Мұсаев: Агроөндірістегі басты мәселе – өнімді өткізу