Шымкент: Академиялық ұтқырлық сапалы білімге бастайды

18 сәуiр, 15:15

Елімізде академиялық ұтқырлықты жүзеге асырудың мақсаты – білім беру сапасын халықаралық деңгейге сәйкес һәм қазіргі заманның талабына сай мамандарды тәрбиелеу. Бүгінде академиялық ұтқырлық серіктес жоғары оқу орындар арасында студенттер, магистранттар алмасудың тиімді тәсіліне айналды. Жуырда Шымкент қаласындағы Орталық Азия Инновациялық университетінде ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру мақсатында дәріс өтті.

Университеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы оқу жылы аралығында ішкі академиялық ұтқырлық шеңберінде өзара алмасу бойынша Түркістан қаласы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетімен ынтымақтастық туралы шарт жасалған.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Мәдениет және өнер» факультеті, «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасына қарасты – «Дизайн» білім беру бағдарламасының I курс білім алушылары үшін Орталық Азия Инновациялық университетінің «Музыка, кәсіптік оқыту және дизайн» кафедрасының PDh, аға оқытушысы Лесбек Төлепов, өнертану кандидаты, доцент Айдар Ниязов академиялық ұтқырлық аясында «Дизайн жобалаудың тарихы мен әдіснамасы», «Жобалау қызметінің әдіснамалық негіздері» пәндері бойынша дәріс және практикалық сабақ өткізді.

Пән аясында магистранттар «Ретроспективті модельдеу», «Эргономика дизайнның негізі жаратылыстану ғылымы ретінде», «Композиция және стилистика ұғымы» атты тақырыптарын қарастырды. Сонымен қатар пән бойынша жобалық тәжірибелер жасалды.

Студенттер көкейдегі сауалдарын қойып, өздерін қызықтыратын тақырыптарды білуге құштар екенін танытты. Өз кезегінде оқытушылар аталған тақырыптарды жан-жақты түсіндіруге тырысты.

Дәріс барысында тұжырымдаманың мәні, түсінігі зерттелді. Ал жобалық тәжірибеде жағдайларды модельдеу мен ойнату, эргономикалық жобалаудың қамтамасыз ету, дизайн жасаудың жаңа тәсілдері мен ерекшеліктері зерттелді. Жаңа өнім тұжырымдамасын жобалап жасау, негізгі нұсқаны таңдау және оны негіздеу қаралды. Пән шеңберінде білім алушылар негізгі нұсқаны таңдау және оны негіздеу; қажет болған жағдайда-процестерді, маршруттарды, сценарийлерді модельдеу ерекшеліктерін өз бетінше жеткізе білді. Студенттер оқытушылар ұсынған жаңа дағдыларды үйренді, әрі оны тәжірибеде қолдануды да меңгерді. Екі университет арасындағы академиялық ұтқырлықты дамытуға арналған дәрістер алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Әлима Әлмерек
Суреттер: Орталық Азия Инновациялық университетінің баспасөз қызметі

Бүгін, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
Бүгін, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
Бүгін, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды