jasqazaq.kz

Шымкент: «Айбары мықты — Ата заң» атты дөңгелек үстел өтті

28 тамыз 2025, 19:20

Бүгін Шымкент қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Айбары мықты – Ата Заң» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы, қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен этносаралық қатынастар саласындағы беделді қоғам қайраткерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы қоғамдық құрылымдардың жетекшілері мен мүшелері, сондай-ақ жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен блогерлер клубының мүшелері қатысты.

Жиын барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының құқықтық және саяси мәні, мемлекеттік басқару жүйесіндегі орны, сондай-ақ қоғам өміріндегі рөлі кеңінен талқыланды. Ата Заңның тәуелсіз Қазақстанды демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет ретінде қалыптастырудағы тарихи маңызы мен айрықша үлесі ерекше атап өтілді.

Дөңгелек үстелде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Саясаттану» кафедрасы меңгерушісі, қалалық Ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың мүшесі Сәкен Аралбайұлы Ата Заңның мемлекет дамуына қосқан үлесіне тоқталды.

Сонымен қатар заң ғылымдарының кандидаты, доцент, Ж.Тәшенев атындағы университеттің құқық және бизнес кафедрасының меңгерушісі Нұрлан Бижан баяндама жасап, Конституцияның құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы рөліне жан-жақты талдау жасады.

Мәжіліс барысында қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының ел бірлігін нығайтудағы ерекше рөліне назар аударды. Бүгінде Ассамблея этносаралық келісімнің қазақстандық моделін қалыптастырып қана қоймай, заң шығару үдерісіне де белсене қатысып келеді.

— «Бүгінгі таңда Қазақстан Парламентінде этнос өкілдерінен сайланған депутаттардың заң шығару ісіне ресми түрде қатысуы қамтамасыз етілген әлемдегі жалғыз мемлекетпіз. Бұл – Қазақстан халқы Ассамблеясының бірегей конституциялық мәртебесін айқындайтын айғақ», – деп мемлекет және қоғам қайраткері Орынбай Рахманбердиев ерекше айтып өтті.

Жиын соңында қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген басты құндылықтарды сақтау, ел ішіндегі татулық пен тұрақтылықты нығайту – әрбір қазақстандық азаматтың азаматтық борышы әрі ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.
JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігі 

Бүгін, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр