jasqazaq.kz

Шымкент: Абай ауданында инфрақұрылым мен жол сапасы жаңа деңгейге көтерілді

19 қыркүйек 2025, 19:39

Бүгін, Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі – Сұлтанхан Шәкір Асылханұлы төмендегідей мәлімдеме жасады.
Абай ауданы бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа белесіне қадам басуда. Аудан аумағында 27 елді мекен орналасып, мұнда 257 мыңнан астам халық тұрады. Инфрақұрылыммен қамту деңгейі айтарлықтай жоғары: тұрғындардың барлығы ауыз су мен электр жарығымен толық қамтылған. Биылғы ақпан айында «Ынтымақ-2» шағын ауданы мен «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабы табиғи газға қосылып, аудан толықтай газ жүйесіне қол жеткізді. Бұл халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болды.
Сонымен қатар, жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары қарқын алды. Аудан аумағында 1274 көше бар, оның ішінде 844 көше асфальтпен жабылған. Жыл соңына дейін барлық тас жолдар толықтай асфальтталмақ. Бүгінге дейін 148 көше жөнделіп, жоспарланған жұмыстар толық орындалса, асфальтталған көшелердің үлесі 100 пайызға жетеді.
Бұл шаралар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып қана қоймай, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де ықпал етуде.
Сондай-ақ аудан аумағында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 1,9 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп, әлеуметтік маңызы бар бірқатар жобалар іске асуда. Оның ішінде 16 ойын алаңшасы, 3 спорт алаңшасы, 5 гүлзар салынып, 34 мың шаршы метр аяқжол төселді.
Көгалдандыру да басты назарда. Бүгінгі таңда аудан аумағында 5 жаңа гүлзар салынып, олардың кейбірі пайдалануға берілді. Сонымен бірге «Асар» шағын ауданында тозығы жеткен 4 гүлзар қайта жаңартылуда. Бұл жұмыстар экологиялық жағдайды жақсартуға және тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік бермек.
Абай ауданында жыл басынан бері 37 рет сенбілік ұйымдастырылып, оған 30 мыңнан астам адам қатысты. Қоғамдық жұмыстарға тұрғындардың белсенді қатысуы ауданның экологиялық ахуалын жақсартуға айтарлықтай үлес қосуда.
Балалардың қауіпсіз әрі жайлы ортада өсуі үшін 63 ескі ойын алаңшасының 45-і жаңартылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
Бүгін, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат