jasqazaq.kz

Шымкент: АӘК тағайындау тетігі бойынша мониторинг нәтижесі жарияланды

26 қараша 2025, 19:21

Шымкент қаласында Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) бойынша жүргізілген жұмыстар аясында Мансап орталығы мен жергілікті органдардың нақты міндеттері бекітілген. Қолданыстағы қағидаға сәйкес, Мансап орталығы өтініш білдірушімен жеке жоспар әзірлеп, әлеуметтік келісімшарт жасайды. осы келісімшарт бойынша мамандар азаматтарға кеңес беру, қажетті құжаттарын рәсімдеуге жәрдемдесу, жұмыс іздеу процесіне бағыттау, әлеуметтік бейімдеу шараларын ұсыну және барлық кезеңде бірге алып жүру міндеттерін атқарады. Сондай-ақ жеке жоспарды орындау барысына ай сайын мониторинг жүргізіледі. Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек айтып өтті.

Еңбек мобильдігі орталығының ассистенттері учаскелік комиссиялармен бірге атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берген азаматтардың тұрмыстық ахуалын зерделеуге қатысады. Сонымен қатар, Еңбек ресурстарын мониторингілеу бөлімінің мамандары да мұқтаж отбасыларды тексеру жұмыстарын жүзеге асырады.
Осындай зерделеу нәтижесінде 546 жеке кәсіпкерден 1208 азаматтың 85 000 теңге жалақымен жұмыс істейтіні туралы бұйрық көшірмелерін тапсырғаны анықталды. Алайда Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметіне сәйкес, олардың ішінде 314 жеке кәсіпкерде тіркелген 545 азаматтың шын мәнінде жұмыс істемейтіні белгілі болды.

Сондай-ақ мониторинг тобының тексерісі кезінде 13 жұмыс берушіде 34 азаматтың жұмыс орнынан табылмауы да расталды. Қалыптасқан жағдайға байланысты, қазіргі уақытта осы отбасыларға жалған мәлімет бергені үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тарту туралы шешімдер дайындалып жатыр.

JQ-Aqparat

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады