jasqazaq.kz

Шымкент: 770 адам кәсіптік білім алады

30 шiлде 2025, 15:19

Қай қоғамда да «мемлекет бізді асырауы тиіс» дейтін патерналистік пиғылға бой ұрған адамдар кездеседі. Біздің елімізде де өзі еңбек етпей,  тек мемлекет жәрдемақысына өмір сүргісі келетіндер табылады. Патернализмге қарсы күресудің ең тиімді жолы – «балық емес, қармақ беру», яғни жұмыс ұсыну. Сондықтан елімізде барлық жастағы тұрғындарға арналған жұмыспен қамту  бағдарламалары қабылданған.

Еліміздің үшінші мегаполисі — Шымкент қаласында да жұмыспен қамту мәселесі үнемі күн тәртібінде және ойдағыдай атқарылып келеді.

Түрлі себептермен жұмыссыз жүрген азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шаралар қолға алынған.
Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, биылғы жылы 770 жұмыссыз азаматты қысқа мерзімді кәсіптік оқыту көзделіп отыр. Бұл шара Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің тиісті бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы бағдарлама аясында 610 азамат білім беру ұйымдарында оқудан өтсе, 160 азамат жұмыс берушілердің өндірістік базасында даярлықтан өтеді. Оқу кезеңінде тыңдаушыларға төмендегі мөлшерде шәкіртақы төленеді:
• білім беру ұйымдарында оқитындарға – 43 574 теңге;
• өндірістік базада оқитындарға – 78 640 теңге.
Кәсіптік оқыту мынадай салалар бойынша жүргізіледі: стилист-шаштараз, визажист, бухгалтер-кассир, аспаз, кондитер, тәрбиеші көмекшісі, тігінші-пішуші, автомеханик, слесарь-сантехник, электрогазбен дәнекерлеуші, электрик, киім дизайнері, кестелеуші. Аталған мамандықтар қазіргі еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие.
Жаңа кәсіпті игеруге ниетті азаматтар тұрғылықты мекенжайы бойынша аудандық мансап орталығына барып, «жұмыссыз» мәртебесін алуы қажет. Бұл мәртебеге ие болған азаматтар кәсіптік оқуға қатысуға өтінім бере алады.
Аудандық мансап орталықтарының мекенжайлары:
• Абай ауданы – Арғынбеков көшесі, 243/3
• Еңбекші ауданы – Астана шағынауданы, 106
• Әл-Фараби ауданы – Байтұрсынов көшесі, 201
• Қаратау ауданы – Бәйтереков көшесі, 89
• Тұран ауданы – Қазыбек би көшесі, 50.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді