Шымкент: 585 дәріхана 2D сканермен жабдықталды

16 шiлде, 12:07

Дәрі-дәрмекті міндетті таңбалау мен қадағалауды енгізу дәрілік заттардың айналымын ашық етеді. Тұтынушыға сатып алынған дәрілік заттар туралы ақпаратты қолжетімді етеді. Сонымен қатар дәрі-дәрмек өндірушіден пациентке дейінгі әр қаптаманың жеке есебін қамтамасыз етуді, контрафактілік және жалған өнім айналымынан қорғаудың негізгі құралдарының бірі болып табылады.
Сол үшін де биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап дәрілік заттарды көтерме саудадағы субъектілер таңбалау мен қадағалау процесін еңгізбеген медициналық ұйымдарға, дәріханаларға дәрілік заттарды босату тоқтатылды. Осы процестен қалыс қалған дәріханалар дәрілік заттарды сатып алу және халыққа өткізу мүмкіндігінен айрылады.

1 шілдеге дейін Шымкент қаласында 66 медициналық ұйым дәрілік заттарды таңбалау бойынша 2D сканер және деректерді жинау терминалымен қамтамасыз етілді. Бұл туралы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Дүйсенбаева Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Оның айтуынша, 26 мемлекеттік және 40 жекеменшік медициналық ұйымдарда толық интеграция жүргізілген.
Шымкентте дәрілік заттардың көтерме саудасындағы субъектілердің саны — 293. 362 қойма бар. Оның ішінде, Алматы қаласында — 187 қойма, Шымкент қаласында 38 қойма орналасқан. Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ләззат Қашқымбаева брифингте осындай мәлімет келтірді.

Оның айтуынша, еліміздегі 152 ірі дистрибьютор арасында Шымкент қаласында 4 дистрибьютор қызметін жұргізіп отыр. Олар — «Химфарм» АҚ, «НПО Зерде» ЖШС, «Atamiras.S» ЖШС және «AK NIET GROUP» ЖШС.

Шымшаһарда бас-аяғы 585 дәріхана жұмыс істеп тұр. Сол 585 дәріхана түгелдей, яғни 100 пайыз 680 дана 2D сканермен жабдықталған.

Сондай-ақ қалада 53 дәрі-дәрмек сақтайтын қойма бар. Бүгінде 38 дәрілік қойма жұмысын жүргізіп отыр, ал 15-і фармацевтикалық қызметін тоқтатқан.
38 дәрілік қойма (100%) 141 дана 2D сканермен және 189 дана деректерді жинау терминалымен жабдықталған.

Айта кеткен жөн, дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау еңгізу үшін Шымкент қаласының әкімінің орынбасары төрағалығымен Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы, медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті, Атамекен кәсіпкерлік палатасы және кірістер департаментімен бірлесіп медициналық ұйымдар мен фармацевтикалық қызметті атқаратын субъектілерге түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күнгі жағдай бойынша Шымкент қаласында 32 субъект, 38 объект дәрілік заттарды көтерме сауда саласында қызметті жүзеге асырады. Қалада дәріхана көп болғандықтан, бәсекелестік деңгейі жоғары. Сондықтан өзге өңірлерімен салыстырғанда, Шымкент қаласында дәрі-дәрмек бағасы әлдеқайда арзан.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде