Шөп жұламын деп сотталды

05 тамыз 2023, 20:34

Шығыс Қазақстан облысында Қызыл кітапқа енген торжуаның 2 мың данасын қазып алған екі адамға сот үкімі шықты.
Глубокое аудандық сотында ҚР Қылмыстық Кодексінің 339-бабы (сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша қылмыстық іс қаралды.
«Екі айыпталушы Черемшанка ауылының аумағында өсіп тұрған Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген торжуаны қазып, жинап алған. Олардан барлығы 1923 дана өсімдік тәркіленді. Сотталушылар өз әрекеттерімен Черемшанка орман шаруашылығына қомақты материалдық шығын келтірген» деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Сот үкімімен Риддер қаласының тұрғындары кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығынан шектелді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

JQ-Aqparat

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады