Шохмурод Молайханов: Алматы жастары татулық пен бірлікті нығайтуға үлес қосып келеді

20 қазан 2023, 12:13

Алматы – жүзден астам ұлттың басын біріктірген қала. Әр ұлттың жастары бір шаңырақтың астында бірлік пен татулықты ту етіп, еліміздің, әсем қала – Алматының өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосып келеді. Қазақстан халқы ассамблеясына қарасты «Ассамблея жастары» ұйымының Алматыдағы өзбек мәдени бірлестігінің «Жас қанат» жастар ұйымының жетекшісі Шохмурод Молайханов та осындай пікірде.

— Шохмурод Анарханұлы, Алматы қаласындағы «Ассамблея жастарының» негізгі жұмысы жайлы айтып берсеңіз.

— Баршаңызға мәлім, елімізде 130-дан астам ұлттың өкілі бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруде. Бұл орайда Қазақстан халқы ассамблеясының алатын орны ерекше. Ассамблеяның мақсаты – елімізге, Отанымызға деген патриоттық рухты жоғарылату. Алматыда этносаралық қарым-қатынас саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қазақстан халқы ассамблеясының жанында «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі бар. Мен өзім Алматы қаласындағы «Ассамблея жастарының» қоғамдық бірлестігінің жетекшісімін. Алматыдағы «Ассамблея жастары» көп жұмысты атқарып келеді. Басты мақсат — этносаралық бірлікті нығайту, мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен тығыз байланыста болып, жастарды отансүйгіштікке баулу.

— Өзбек жастар қанаты Алматы қаласындағы қандай іс-шараларға қатысасыздар?

— Біздің ұйым көптеген бағыттар бойынша жұмыс істейді. «Жастарға жұмыс» жобасы аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіледі. Жуырда бастау алған республикалық «Табиғатты аялайық» жобасы аясында шаһардың көрікті жерлері мен тауда тазалық акциялары ұйымдастырылды. «Бірлік» экологиялық акциясы өтті. Мұндай іс-шараларға Алматыдағы барлық этномәдени бірлестіктердің жастары белсене атсалысады. Өткен айда «Ассамблея жастары» Медеу спорт кешенінде «Киелі табиғат» атты республикалық акциясын өткізді. Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп көптеген мәдени іс-шараларға қатысады. Белсенді жастарымыз «Жаңа Қазақстанды құрудағы жастардың рөлі» атты «Ассамблея жастарының» слётіне қатысып, жастарымыз өз ойларын ортаға салды.

Алматы қаласындағы өзбек мәдени бірлестігіне қарасты «Жас қанат» ұйымы Алматы қаласындағы көптеген мәдени іс-шараларда өте белсенді. Атап айтсақ, жыл сайын өткізілетін «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мейрамында Алматы қаласының көшелерінде түрлі шаралар өтеді. Одан бөлек, еліміздің 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні Абай атындағы алаңда жыл сайын өзбектің ұлттық тағамына арналған «Палау-фест» фестивалі өтеді. Бұл шарада Алматы қаласындағы барлық этнос өкілдері өздерінің салт-дәстүрі мен ұлттық қолөнерін дәріптеу мақсатында өздері жасаған бұйымдарын көрмелерге қояды. Сондай-ақ әр ұлт өздерінің ұлттық тағамдарын дайындайды. Өзбек мәдени бірлестігі жанындағы «Жастар қанаты» еліміздегі бірлік пен татулықтың сақталуына әрдайым қызмет етеді. Біз әрқашан мемлекеттік тіліміз — қазақ тілін құрметтейміз. Өзбек жастары мемлекеттік тілдегі көптеген іс-шараларға, жарыстар мен байқауларға белсенді түрде атсалысады. Олар еліміздегі бірлік пен татулықтың сақталуына өз үлесін тигізіп, басқа ұлт өкілдерімен етене араласады. Осылайша біз бір шаңырақтың астындағы берекесі бекем ел екенімізді көрсетіп келеміз.

— Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміздегі достық пен ынтмақтастықтың сақталуына қосатын үлесі қомақты. Алматыдағы жастар қанатының мүшесі ретінде айтыңызшы, жастардың дамуына, білімді, білікті болуына әлі де болса не істеуіміз керек?

— Алматы қаласындағы белсенді жастардың қатарынан болғаннан кейін, біздің жастарымыздың білімді де, білікті болуы үшін оларды әрдайым демеп, жәрдемді аямаған дұрыс. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға үнемі қолдау көрсетуде. Елімізде жастардың жан-жақты дамуына барынша жағдай жасалып, нақты жобалар жүзеге асырылуда. Жастарымызға арналған «Болашақ» бағдарламасының да маңызы зор. Шетелде тағылымдамадан өткен жастарымыз елге, алматыға қайтып келіп, ел игілігі үшін қызмет етуде. Алматы — жастардың қаласы. Сондықтан да қаладағы әр ұлттың мәдени бірлестіктерінің жастары бір-бірімізбен тығыз байланыстамыз. Алматыда білім ордалары көп. Алматыға арман қуып, білім іздеп келген жастарымыз осы қалада білім алып, маман атанып, өзінің болашағына жол ашады. Ал біз сияқты жастар ұйымдары, қоғамдық бірлестіктер, жастар ресурстық орталықтары татулық пен бірлікті ту етіп, әрмен қарай да шаһардың көркеюіне үлес қоса бермек.

Әңгімеңізге рахмет!

Мақпал Ноғайбаева,
Алматы

26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген