ШҚО тұрғынынан 20 келі марихуана табылды

03 тамыз 2023, 9:50

Шығыс Қазақстан облысының тұрғынынан 20 келі марихуана тәркіленді.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше тәртіп сақшылары «Өскемен-Риддер» тасжолында «Лада приора» маркалы автокөлігін тоқтатқан.
«Жедел тінту барысында көліктің жүк салғышынан ақ түсті полиэтилен пакет табылды. Оның ішіндегі өткір иісті өсімдік тектес зат салынған 20 полиэтилен бума тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар жалпы салмағы 1943,75 грамм болатын «кептірілген марихуана» есірткі заты болып шықты», — делінген ақпаратта.
37 жастағы жүргізушіге тиесілі гаражды тінту кезінде өсімдік тектес заттың қалдықтары бар пластик ыдыстар, полимерлі және полиэтиленді қапшықтар, 20 келіден астам марихуана салынған 2 фляг табылды.
«Жауап алу кезінде ұсталған азамат кінәсін толық мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен (өткізу мақсатынсыз есірткі заттарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеу басталды», — деді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

JQ-Aqparat

08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады