jasqazaq.kz

ШҚО-да 150 көлік қар құрсауында қалды (Видео)

10 желтоқсан 2025, 15:52

Шығыс Қазақстан облысында полицейлер қар құрсауында қалған 150 көлікті алып шықты.

Өңірдегі қалың қар мен жолдың дұрыс көрінбеуі жол қозғалысын айтарлықтай қиындатты.

inform.kz хабарлауынша, Өскемен-Алтай, Өскемен-Риддер және Өскемен-Семей бағыттарында қозғалыс баяулап, кей жерлерде мүлде тоқтап қалған.

— Ауа райының қолайсыздығында полицейлер жолда қызмет атқаруды жалғастырып, жүргізушілерге көмек көрсетіп, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жатыр. Бір күн ішінде ғана тәртіп сақшылары қарға батып қалған 10-нан астам жүк көлігі мен жеңіл автокөлікке көмек көрсеткен, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.

Ең күрделі жағдай Герасимовка ауылының маңында болған. Мұнда 150 автокөлік қар құрсауында қалған.

— Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жағдайды дер кезінде бақылауға алып, жүргізушілерге бағыт-бағдар беріп, қауіпті учаскелерден өтуге көмектесті. Соның нәтижесінде автокөліктер колоннасы қауіпті аймақтан аман-есен өткізіліп, кептеліс пен жол-көлік оқиғаларына жол берілмеді, — делінген ақпаратта.

 

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді