«Шеврон»: «Мейкерспейс Expands!” бағдарламасы жалғасады

23 қазан 2023, 15:09

Бүгін Алматыда АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Дэниел Розенблюм мен «Шеврон» компаниясы Еуразия бөлімшесінің Басқарушы директоры Дерек Магнесс АҚШ дипломатиялық миссиясы мен «Шеврон» компаниясы арасындағы «Мейкерспейс Expands!” бағдарламасы бойынша Өзара түсіністік туралы меморандумды ұзартты. Бұл рәсім АҚШ дипломатиялық миссиясы мен «Шеврон» компаниясы арасындағы Қазақстандағы адами капиталды дамытуға бірлескен инвестиция салудағы серіктестіктің маңызды кезеңі екенін айта кеткен жөн.

 

 

Бағдарлама қазақстандық жастар үшін Мейкерспейс желісі арқылы ғылым, технология, инженерия, өнер және математика саласындағы (STEAM) білім беру мен оқу ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған. Мейкерспейс желісі — бүкіл Қазақстан бойынша идеялар жасау, зерттеу және бөлісу арқылы үйренетін көпшілікке арналған бірлескен жұмыс кеңістігі. Осы желіге қазіргі уақытта Алматы, Астана, Ақтөбе, Өскемен, Орал және Павлодардағы Мейкерспейс орталықтары кіреді.
«Мейкерспейс Expands!” бағдарламасы 2020 жылдан бастау алады, содан бері толық жабдықталған үш Makerspace ашылды және тағы үшеуі жаңартылды. Makerspace жыл сайын мыңдаған жас қазақстандықтарға пайдалы болып, заманауи жоғары технологиялық жабдықтарына, сарапшылар басқаратын курстарына және тегін тәлімгерлігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

 

Өткен жылдың өзінде 16 000-ға жуық жас қазақстандық «Мейкерспейс  Expands!” бағдарламасын пайдаланды. Өзара түсіністік туралы меморандумды ұзартуға қол қою тараптардың Мейкерспейс санын және олардың бүкіл ел бойынша қамтылуын кемінде тағы үш жылға ұлғайту деген ниетін білдіреді.
Шара барысында Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушылары Мейкерспейс аясында өздерінің робототехника жұмыстарын таныстырды.
Мейкерспейс бағдарламалау, робототехника, 3D модельдеу, визуалды мазмұнды жасау және т.б. саладағы сұранысқа ие қолданбалы дағдылар дамыту үшін тұрақты курстар мен семинарлар ұсынады. Мейкерспейс орта және жоғары оқу орындарының студенттерін, біліктілігін арттырғысы, білім және мансаптық мүмкіндіктерін жақсартқысы, пікірлес адамдар қауымдастығына қосылғысы келетін жас мамандарын тартады.


АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Дэниел Розенблюм өз сөзінде: «Серіктестігіміздің мақсаты — жастарды бүгінгі таңда әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болу үшін қажетті білім мен дағдылармен, және оларға технологиялық ресурстарға, инновациялық бағдарламаларға, пікірлес адамдарға, өміршең іскерлік байланыстарға және жігерлендіруші тәлімгерлерге қол жеткізу мүмкіндігімен қамтамасыз ету», — деді.
«Шеврон» компаниясы Еуразиялық бөлімшесінің Басқарушы директоры Дерек Магнесс АҚШ Дипломатиялық миссиясына тоқталып өтті. Ол: «2015 жылдан бері біздің мыңдаған қатысушы біздің робототехника, автоматтық технология, бейне ұшығару, сыни ойлау курстарымызға қатысты. Олардың көпшілігі STEAM саласын өздерінің мансап жолдары ретінде таңдап алды»,- деді.
«Мейкерспейс Expands!” бағдарламасы техникалық дағдыларды дамытумен ғана шектелмейді. Ол креативті пікірді қолдауға және Қазақстандағы креативті индустрияны нығайтуға да бағытталған. «Мейкерспейс кеңейеді!» демеушілігімен жүзеге асырылған жобалардың қатарында Еуразиялық мәдени альянстағы «Егін» жобасы, MC2 O(ner)-тағы «Қазақстанның 10 үздік фильм» жобасы, Алматылық ашық әдебиет мектебінің жыл сайынғы алматылық жазушылар резиденциялары, жасөспірімдерге арналған «Urbanitarium» Urban Forum Kazakhstan білім беру жобасы, Смитсон институтының фольклорлық және мәдени мұра орталығының қолөнер тәжірибесімен алмасу және мәдени мұраны сақтау жөніндегі АҚШ-Қазақстан бағдарламасы бар.

Мақпал Ноғайбаева

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу