jasqazaq.kz

Шеврон инвестициясы: Қоғамды ізгілікке бастаған әлеуметтік жобалар

23 желтоқсан, 18:50

«Dos.Community» қоры, «Шеврон» компаниясы және Steppe&World баспа үйі бірігіп, «Тың тәжірибелер» атты жинақты жарыққа шығарды.

Алматыдағы «Narxoz» бизнес мектебінде өткен кітаптың тұсаукесеріне қоғам мұқтаждығы мен әлеуметтік мәселелерге бей-жай қарамайтын, нақты жобаларды қолға алып, қоғамды жақсы жағына жетелеген адамдар жиналды.
«Тың тәжірибелер» жинағы – 5 жыл бойы Қазақстанда жүзеге асырылған 25 әлеуметтік бастамадан тұратын ауқымды зерттеулер. Осынау жинақ өмірлік сұраныстан, маңызы бар мәселелерді шешу талаптарынан туды десек те болады. Қазір жұртқа керегі – сенімге кірген, бақылаудан өткен нақты бастамала мен нақты жобалар.

Кітаптың географиялық ауқымы да кең. Жинаққа Қазақстанның әр аймағындағы бірін бірі қайталай бермейтін, өз ерекшеліктері бар 25 жоба енсе, оның ішінде-шағын қауымдастықтардан бастап ұлттық бағдарламалар да табылады. Тақырыптар да сан қырлы әлеуметтік мәселелерді қамтиды.
Барлық жобаларды басты құндылы да кейіпкерлері де – адам, көмекке мұқтаж жандар. Жинаққа кірген әрбір тәжірибе – ашық процестердің, тең құқылы көзқарастар мен адамдарға деген құрметтің үлгісі.
Жаңа жинақтың ерекшелігі мынадай: кафе-мидраш форматында өткен тұсаукесер «дастарханына» жиналғандар алдымен «ас мәзірі» ретінде жобалардың атауларымен танысып шықты. «Даяшылар» «тіскебасар» ретінде идеялар мен үзік-үзік ойларды, шешімдер мен мәселелерді ұсынды. Ал қатысушылар бұл қандай әлеуметтік жоба екенін болжауы тиіс еді.

Осыдан кейін ортаға «бас табақ» келді. Бұл – жинақтың қысқа мазмұны мен жобаның мәні туралы қысқа мәтіндер. Яғни, әлеуметтік бастамалар кімдер және не үшін жасалды деген сауалдарға жауап. Нәтижесі нендей болды, қоғамдағы қандай мәселені шешуге септесті дегенді меңзейді.

Мысалы, бұл арада ерекше бала өсіріп отырғандарды қолдайтын «Мама Про», «Әрбір бала мектепке баруға лайықты», «Сәбилерге өмір сыйла», «Фетальды хирургия», «Мың бала» олимпиадасы сияқты жобаларды атап өтуге болады.
Мәселен, еліміздің медициналық қауымдастығын елең еткізген фетальды хирургияны алайық. Отандық дәрігерлеріміз осындай жобалардың арқасында құрсақта, анасының жатырына жатқан шарананың денсаулығындағы кемшілікті түзете операцияларды жасауға қол жеткізіп отыр.


Сол сияқты ITeachMe қоғамдық қоры жүзеге асырған ITMlab жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін оңайлатуға көмектесетін инновациялық шешімдер, IT-өнімдер мен оңалту құралдарын жасауды көздейтін ерекше стартап-инкубатор.

Бүгінде елімізде білім беру саласындағы теңсіздікті еңсеруге бағытталған Teach for Qazaqstan (TFQ) сондай бастамалардың жарқын үлгісі.
Кітаптың тұсауксерінде «Шеврон» компаниясының әлеуметтік инвестициялар жөніндегі кеңесшісі Лейла Айтмұханова: «Осы жинақ арқылы жылды тамаша қорытындыладық десек те болады. Өткен жылдың соңында елімізде әлеуметтік бастамаларды насихаттайтын, көрсететін ешқандай жинақ жоқ екендігін ойлаған едік. Көбінесе шет елдік тәжірибелерге сүйеніп, сілтеме жасап келдік. Оларда мұндай кітаптар мен материалдар көп. Дәл осы кезде «Dos.Community» қорының жетекшісі Айнұр Аймұрзинамен сөйлесе бастадық. Өйткені оларда үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ) басқаруда әлеуметтік менеджмент тәжірибесі бар болатын. Бірақ көбінесе Батыс пен Ресей кейстерін мысалға алып келген. Бізде сол кезде идея пайда болып, қаңтар айында осы жобаны бастағанда бірден мықты әлеуметтік зерттеушілер, социологтар, сарапшылар үн қатып, сарапшылар мен зерттеушілер тобы құрылды. Басында жобаны ұзақ талқылап, бұл байқау түрінде емес, ашық іріктеу болсын деген шешімге келдік.
Ал жоба барысында 700-ден астам ұсыныс пен өтінім қабылданып, оның 195-і іріктеліп, 50 жоба жартылай финалға ілікті. Осылардың ішінен жеті түрлі сынақтан өткен 25 кейс таңдалынды. Өз кезегінде сарапшылар 25 жоба туралы кең сұхбаттар, зерттеулер жүргізді. Бұл жинақ жәй ғана мәліметтер, тәжірибелер мен нәтижелер және оны кімдер жасағаны жайлы ғана емес. Бұл – нағыз адамгершілікті дәріптейтін оқиғалар. Байқасаңыз, жобада «үздік» деген сөз жоқ, тек жақсы тәжірибелерге сүйендік. Ешқандай талап, шағым жоқ болғандықтан да жинақты «Тың тәжірибелер» деп атадық. Өз кезегінде «Dos.Community» қоры арнаулы сайт құрды – https://goodpractices.kz. Қолымызға тиген жинақ келешекте мектептер мен университтеттерге таратылып, өзіміздің қазақстандық кейстердің мысалына айналады», – дейді.

Сонымен кафе-мидраш форматында өткен кездесу кері байланыс түрінде аяқталып, жинақтың түсаукесеріне қатысушылар нені білгенін, қандай әсер алғандары туралы ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды.

«Жинаққа біздің ең алғашқы зерттеулеріміз еніп отыр. Жобаға тартылған 5 зерттеуші мен 3 сарапшы жеті түрлі өлшеммен әрбір жобаның қаншалықты мәнді, қандай мәселелер мен сұрақтарды шеше алатынын қарастырды. Бұл жинаққа 25 тың тәжірибе ілікті. Бірақ алдағы уақытта жинаққа кірмеген жобалар өз ұсыныстарын бере алады. БАҚ пен әлеуметтік желілерден еліміздегі жобалардың қаншалықты маңызды екендігі байқап отыруға болады. Сондықтан жұмыстарды жалғастыра беру қажет деген ойдамын. Өйткені, елімізде қайырымдылық қорлары мен акцияларына қатысты даулы, келеңсіз оқиғалар бар. Сондықтан тұрақты түрде әлеуметтік жобалармен адамдардың әрекетінің күмәнсіз әрі қолдауға да ие болғаны жөн. Және оларға мысал, үлгі болатындай осындай зерттеулер өте қажет», дейді «Dos.Community» жекеменшік қорының жетекшісі Айнұр Аймұрзина.

Бүгін, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр
17 желтоқсан, 13:59
Мерей Оңғаров: Алматыны газдандыру 100 пайызға жақындады
16 желтоқсан, 14:00
Алматы: Жылу жүйесі қыс маусымына дайын
15 желтоқсан, 14:01
Алматының индустриалдық аймағы – даму драйвері
12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы