Шетелге шыққандар өз қауіпсіздігіне өзі жауапты

12 қыркүйек 2023, 14:39

Сыртқы істер министрлігі шетелге турист ретінде баратындарға қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.
БАҚ өкілдері брифингте министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияровтан Түркияның Алания қаласында жол апатынан қайтыс болған бір отбасының 3 мүшесіне қатысты соңғы мәліметті сұрады.

«Ол отбасы мүшелерінің мүрделері Қазақстанға жеткізілді. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Екі көлік соғысқан, жүргізушілері тергелуде. Адвокаттар бар. Консулымыз олардың туған-туыстарымен, Түркияның жергілікті құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста. Азаматтарымыз Түркияда демалып жатса, қандай да бір экскурсияға не басқа жерге баратын болса, өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Олардың жанында мемлекет әрқашан қолдарынан ұстап жүре алмайды», — деді Айбек Смадияров.
Оның атап өтуінше, Сыртқы істер министрлігі осы отбасы мүшелерінің мүрделерін елге жеткізу үшін жан-жақты көмек көрсеткен.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді