Шетел азаматы есірткінің аса ірі партиясымен ұсталды

16 қазан 2023, 19:09

Абай облысында шетелдік азамат есірткінің аса ірі партиясымен ұсталды.

Polisia.kz. хабарлағандай, Абай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, облыс прокуратурасының үйлестіруімен, синтетикалық есірткінің аса ірі партиясымен 35 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. Шетелдіктің тұрғылықты жерін тінту барысында тыйым салынған заттың 2 пакеті, сондай-ақ өлшеп-орауға және өлшеуге арналған таразы, электр таспасы және пакеттер табылды.
Тергеу кезінде көрші елдің тұрғыны облыс орталығында бетбелгілерді тарату арқылы синтетикалық есірткі сатуды жоспарлағаны белгілі болды. Сараптама қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған зат салмағы – 71,49 грамм мефедрон психотроптық заты табылды, сондай-ақ Альфа PVP психотроптық заты салмағы – 81,67 грамм. Есірткі құралдарының жалпы салмағы – 153,16 грамм. Сөйтіп өңірдің полицейлері 1500 бір реттік дозаның сатылуына жол бермеді, бұл қара нарықта партияның құны 4 миллион теңгеден асады. Аталған факт ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта жедел уәкілдер Абай облысына есірткі жеткізудің өзге де арналары анықталып жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
JQ-Aqparat

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді