jasqazaq.kz

Шенеуніктің әлеуметтік желідегі жазбасы назарда болады

13 қантар 2017, 21:42

Бүгін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік  атқамінерлердің әлеуметтік желілері ұдайы бақыланып отыратынын айтты. Жазбаларынан бөлек, олардың салған суреттері мен видеолары мемлекеттік қызметкердерің әдебіне сай келмесе, жаппай жазаланбақ. Сондай-ақ, құзырлы орган ғаламторда шенеуніктердің дөрекілігі жарияланса, дереу шара қолдануға уәде етті, – деп хабарлайды КТК арнасы.

e23662d8be814c316fa45e224217223a

Бұдан-былай шенеуніктерге әр қадамын абайлап басуға тура келеді.

Жұмыстағы тәртібінен бөлек, интернеттегі әр жазбасы, салған видеосы мен суреті бақылауда болады. Оның мазмұны мемлекеттік қызметкердің этикасына нұқсан келтірмеуі тиіс.

«Мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік желісіне үнемі мониторинг жүргізіліп отырады. Яғни, олардың қыдырған сәті мен корпоративтік кештерде түскен суреттері қаралады. Егер онда мемлекттік қызметкер шектен шығып немесе оның шектен шыққаны жайында ақпарат құралдарында жазылса, бірден тиісті шара қолданамыз», – дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова.

Ал, бұл бір-бірін жағадан алып жатқан Үкіметке қарасты «ҚазАгро қаржы» компаниясының топ-менеджерлері. Басқарма төрағасының орынбасары мен департамент директоры төбелесіп жатыр. Жұмыс кезінде жаға жыртысқандардың нені бөлісе алмағандары белгісіз. Бірақ, лауазымды топ-менеджерлердің текетіресі мыңдаған мемлекеттік қызметкерге сабақ болуы тиіс.

Шенеуніктер Ұлттық банк қызметкерлерінің де қателігін қайталамауы керек. Өйткені, Алматыда банкирлер жаңа жылдық кешті қымбат қонақ үйде атап өтеміз деп үлкен дауға қалған. Біріңғай зейнетақы қорының төңірегінде жанжал өршіп тұрғанда бұл отқа май құйғандай болды. Шектен шыққандарын түсінсе керек, кейін банкирлер суреттерін жаппай өшіріп тастады.

Ал агенттіктің әлеуметтік желіні тексеру жайындағы бастамасынан соң,  мемлекеттік қызметкерлер парақшаларын дереу тазартып жатқаны анық. Тіпті интернет қолдануды мүлдем азайтуы мүмкін. Енді шенеуніктер зәулім үйі, қымбат көлігі мен аста-төк дастарханның басында отырып суретке түсер алдында жақсылап ойлануы керек. Әйтпесе, жайлы жұмысынан айрылуы ықтимал.

10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда