Шенеуніктер жөнделген жолды тағы жөндеуге 1,7 млрд жұмсамақ болған

09 қараша 2023, 11:37

Қызылорданың жаңадан жөнделген жолын қайта «жамауға» бюджеттен миллиондаған теңге жұмсалмақ болды. Прокуратура мемлекет ақшасын негізсіз ысырап етудің жолын кесті.
Қызылорда облысы прокуратурасының хабарлауынша, қадағалаушы мекеме өңірдегі мемлекеттік сатып алу ісінен өрескел заң бұзуды анықтады. Жергілікті шенеуніктер жаңадан жөнделген жолдарды күрделі жөндеуге 1,7 миллиард теңге жұмсамақ болған.
Қызылорда прокуратурасы 2020 жылы Қызылжарма ауданындағы Батырбаев көшесіне 49 миллион теңге тұратын жөндеу жасалғанын анықтады. Осы жұмыстардан кейін жолды жаңадан күрделі жөндеу кем дегенде алты жыл бойы талап етілмейді.
«Бірақ жергілікті әкімдік 2023 жылы Батырбаев көшесін жаңартуға тағы да 653,9 млн теңгелік конкурс жариялаған. Прокуратураның араласуынан кейін бұл сатып алу тоқтатылды. Дәл осындай жолмен Қызылордада жалпы сомасы бір миллиард теңгеге Әбенов, Досхожин, Сексенбаев көшелерін жөндеуден өткізбек болды. Бұл тендерлер де прокуратураның талабы бойынша тоқтады». — деп мәлімдеді Қызылорда облысының прокуратурасы.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу