jasqazaq.kz

Шенеунік қызын Назарбаев университетіне түсіру үшін «пара берген»

17 қараша 2016, 11:21

snimok

Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алмат Ермағамбетов қызын Назарбаев университетіне түсіру үшін 20 мың доллар ақша бергенін полицияға айтып берді.

tengrinews.kz хабарлағандай, қазіргі уақытта ол аса ірі көлемде жасалған алаяқтық іс бойынша жәбірленуші. Осы бап бойынша 39 жастағы Ботагөз Биекенованың соты өтіп жатыр.

Полиция Алмат Ермағамбетовтен жауап кезінде ол биыл ақпан айында үлкен қызын Назарбаев университетіне, ал ортаншы қызын Ақтөбедегі Назарбаев мектебіне түсіріп беру туралы таныс әйелден ұсыныс түскенін айтып берді. Әйел шенеунікке НЗМ директорын танитынын, ал ЖОО проректоры оның ағасы екенін айтқан делінеді. Ал өзі емтихан қабылдайтын комиссияның құрамында екенін айтып уәде берген. Сондықтан ол әйелге сеніп, өз әйелінің көзінде 20 мың долларын бергенін айтқан. Шенеунік Биекеновадан қолхат та алмаған.

Биекенова болса Ерамағамбетовтан бір тиын да алмадым деп отыр. Ал шенеунік бердім дейді.

«Диапазон» басылымы өз дереккөзіне сілтеме жасай отырып, шенеуніктің қызы оқу орнына түсе алмағаннан кейін органдарға хабар бергенін хабарлады.

Ал ІІД өкілдері 39 жастағы Ботагөз Биекенованың ұсталғанын хабарлады. Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталып отыр екен. Сондай-ақ, ІІД бұл азаматшаның алаяқтық ісінен зәбір көргендерді де іздеп жатыр.

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді