jasqazaq.kz

Шексіз әлем

19 қараша 2025, 12:27

13 қараша — халықаралық зағиптар күні.

1745 жылы Францияда Валентин Гаюи өмірге келді, ол зағип жандарға арнайы оқу орындарын және сол адамдардың оңалуына кәсіп орындарын ашады. Көз жанарынан мүгедектігі бар адамдардын өмірлеріне көптеген қосқан үлестері және жасаған жұмыстары үшін Валентин Гаюидің туылған күніне орай дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы 13 қараша халықаралық зағиптар күні деп бекітеді.

Осы жандарға қатысы бар ұйымдар мен мекемелер де бұл күнді атап өтеді. Солардын қатарында Қазақстан жазушылар кітапханасы да бар.  Осы кітап ордасында мүмкіндігі шектеулі зағип жандарға қызмет көрсететін инклюзивтік бұрыш орналасқан. Жуырда осы арада «Шексіз әлем» атты мерекелік кеш өткізілді. Осы кеште blindfootball ұлттық құрамасының ойыншылары мен кездесу ұйымдастырылды. Барлық команданың ойыншылары зағип жане нашар көретін жандардан тұратынын айта кетейік. Футболшылар өздерінің ойындары жайлы айтып, көрсетіп, көрермендердің сұрақтарына жауап берді. Іс-шара №4 зағип және нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернатының оқушыларымен дайындалған концерттік бағдарламамен жалғасып, кітапхана жетекшісі сөз сөйлеп, қатысушыларға алғыс хаттар табыстаумен аяқталды.
Соңында айта кеткім келеді: маңызды емес адамда қандай мүгедектік бар екеніне, ең бастысы оның ынтасы мен жігері болуы керек. Сол кезде ол шексіз әлем бар екенін біледі. Осы мерекелік кешке келген көрермен осыны түсінген шығар деп ойлаймын.

Бағлан Әбдікәрім,

“Jas Qazaq»-тың журналистика курсына қатысушы

16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді