Шекарадан заңсыз өтпек болғандар ұсталды

09 тамыз 2023, 12:12

Қазақстандық шекарашылар Ресей Федерациясы аумағына қарай мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге әрекет жасаған бес шетел азаматын ұстады. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше елімізге турист ретінде келгендер Ресейге заңсыз шекараны кесіп өтпек болған.

«ҰҚК ШҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің шекарашылары 4 тамызда белгіленген өткізу пунктерінен тыс жерден Ресей Федерациясы аумағына қарай мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге әрекет жасаған бес шетел азаматын ұстады. Олар Қазақстан Республикасына әуе жолымен турист ретінде келген. Алдын ала мәлімет бойынша, жақсы өмір сүру жағдайын іздеп Еуроодақ елдеріне жол тартқан. Ұсталғандар Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық сотының қаулысымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ел аумағынан шығарылды», — деп мәлімдеді ҰҚК-нің баспасөз қызметі.

JQ-Aqparat

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады