Қазақ-өзбек шекарасында атыстың дыбысын естіген жұрттың мазасы қашты. Бұл туралы NUR.KZ порталы «ТВК» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақ-өзбек шекарасында болған атыс жұрттың зәресін ұшырды. Атыс. Көрнекі фото әлеуметтік желіден алынды
Сарыағаш қаласының тұрғындары атыстың дыбысын естігенін журналистерге айтып берген. Олар кемінде 20 рет атыстың дыбысы шыққанын айтуда. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекаралық қызметі атысқа байланысты түсініктеме берді. Олардың сөзіне сенсек, Өзбекстан аймағында оқу-жаттығулар жұмысы жүргізілген. Атыс бос патрондармен жасалыпты. Ал жергілікті тұрғындар бұдан бейхабар болған.
«Барлығы таңғы жетілерден кейін басталды. Атыстың дыбысы тоқтаусыз болды. Біз қатты қорқып қалдық. Оқ балаларға тиіп кете ме деп қорықтық.
Балаларды үйге кіргізіп, сыртқа шықпай отырдық. Кейін бәрі тынышталып қалды. Не болғанын өзіміз де түсіне алар емеспіз», — деп күйінді шекараға жақын Алпамыс ауылының тұрғыны Досмағанбет Қалиев.