jasqazaq.kz

«Шеберлер шайқасы» – адал еңбек пен шынайы шеберлікті дәріптейтін жоба.

13 қыркүйек 2025, 16:09

Жаңа маусымда «Хабар» телеарнасында «Шеберлер шайқасы» атты реалити-шоудың тұсауы кесіледі. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өзінің Фейсбук парақшасында былай деп жазды:

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланды.
Бұл тарихи шешім – ел дамуының негізгі тетігі болып отырған қарапайым еңбек адамдарына көрсетілген зор құрметтің белгісі. Олар – қолымен қала тұрғызып, жол төсеп, жарық пен жылу жеткізіп, өндіріс пен тұрмыстың күретамырын ұстап тұрған нағыз майталмандар. Шын мәнінде, тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі бейнесін қалыптастырып, ертеңін нықтайтын қаһармандар да – осы жандар.
Осыған орай жаңа маусымда «Хабар» телеарнасы ел тарихында бұрын-соңды болмаған әлеуметтік маңызы зор ірі жобаны – «Шеберлер шайқасы» атты реалити-шоуды ұсынбақ. Жоба қазан айында басталып, жыл соңына дейін жалғасады. Оның басты кейіпкерлері – дәнекерлеуші, құрылысшы, электрик, аспаз, өрт сөндіруші сынды күнделікті тұрмысқа тірек болып жүрген әртүрлі жұмысшы мамандық иелері. Олардың қажырлы еңбегі – қоғам тыныштығы мен ел тұрақтылығының кепілі.
Бұл жоба – жай ғана телешоу емес. Мұнда эмоция мен тартыс, шынайы күрес пен адамдық қасиет қатар өрбиді. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған шеберлер өз кәсіби білігін, өмірлік тәжірибесін, төзімділігін және командалық рухын сынға салады. Қатысушылар нақты еңбек процесіне жақындатылған жағдайда: зауытта, құрылыс алаңында, шеберханада немесе өндірістік ортада тапсырмаларды орындайды.
Әрбір шығарылым – бір адамның тағдырына, өмір жолына арналған деректі оқиға. Мұнда шебердің жан толғанысы мен табандылығы, жеңілісі мен жеңісі көрініс табады.
Бұл – тек бәсеке емес, еңбектің қадірін түсінетін әрбір жанға өзін танытуға, кәсібін дәріптеуге, елдің алғысына бөленуге берілген бірегей мүмкіндік. Жеңімпаздар үшін қомақты жүлде қоры қарастырылған. Ал, көрермендер нағыз еңбектің иесі – шынайы батырлардың бейнесін тамашалап, рухани шабыт алады.
«Шеберлер шайқасы» – адал еңбек пен шынайы шеберлікті дәріптейтін жоба. Бұл бағдарлама – маңдай тердің қадірін бағалап, еңбектің ел болашағына берік іргетас екенін айқын көрсететін ұлттық деңгейдегі маңыздыбастама».

JQ-Aqparat

18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат