jasqazaq.kz

Шавкат Рахмоновтың жұбайы жол апатына ұшырады: екі адам қаза тапты

28 шiлде 2025, 8:43

Жамбыл облысында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза болды, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, көлікте UFC файтері Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмонова мен баласы және басқа да жолаушылар болған, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Оқиға Мойынқұм ауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Гүлайым Рахмонова өзі басқарған Toyota Land Cruiser 200 көлігімен Қарағандыдан Алматыға жол тартқан. Жолда көлік тізгініне ие бола алмай, автокөлік аударылып кеткен.

Жол апатының салдарынан екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Рахмонова мен ұлы Шу қалалық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалауда.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша полиция Қылмыстық кодекстің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу салдарынан екi немесе одан да көп адамның абайсызда қайтыс болуына әкеп соғу» бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді