jasqazaq.kz

«Шалқып өмір сүреді». Блогер Ырысбала Икрамбайдың іс-әрекетін тексеруді талап етті

16 шiлде 2025, 14:27

Қоғам белсендісі, блогер Серік Жаңқабай тиісті органдардан Ырысбала Икрамбайдың іс-әрекетін тексеруді талап етті.
Оның айтуынша, Рысбала Икрамбай секілді «жақсылық жасаумен» айналысатындар назардан тыс қалмауы керек.
Серік Жаңқабай: «Бір күнде 30-40 миллион теңгеге сауда жасай салатын, қымбат көлік пен алтын бұйымдарды лоторея арқылы үлестіретін, бүгінде Қытай мен Дубайда шалқып өмір сүріп жүрген Рысбаланың артында кім тұрғаны қызық. Осыншама байлық пен еркіндіктің қайдан келгені түсініксіз», – деп жазды.
Ол Рысбаланың жалғызбасты ана Гүлімге пәтер сыйлаймын деп, оның үйіне барып видео түсіріп, желіге салып, елден бірнеше миллион теңге жинағанын, кейін бұл уәдесін орындамай, әлгі әйелді қорқытып, әкімдік пен полицияны араластырғанын мысалға келтірді.
Блогердің айтуынша, осылай зардап шеккендер саны әлдеқайда көп болуы мүмкін.
«Мұның бәрі – көп нәрсенің шеті шыққанын көрсетеді. Қазақстанда лотерея ұйымдастыруға тек екі компания ғана ресми лицензия алған. Ал басқа коучтар мен блогерлердің мұндай әрекеттері заңсыз» дейді келе, блогер осы салада әрекет етіп жүргендерді тексеру керек дейді.
JQ-Aqparat

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді