jasqazaq.kz

Шалқар маңындағы республикалық автожолдың 30 шақырымы пайдалануға берілді

29 қыркүйек 2025, 16:27

Қандыағаш–Ембі–Шалқар–Ырғыз тасжолының кезекті бөлігі іске қосылды. 194–224 шақырым аралығында енді барлық көлік түрлеріне жол ашық.
Ресми ашылу салтанатына Қауылжыр мен Мөңке би ауылдарының ақсақалдары мен белсенді тұрғындары, сондай-ақ депутаттар мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
Мердігер «АссанаДорСтрой» ЖШС қазан айында тағы 30 шақырымды аяқтап- тапсыруды жоспарлап отыр. Осылайша, Қотыртас пен Қауылжыр ауылдарының арасындағы жөнделген жолдың ұзындығы 60 шақырымға жетеді.
Аймақтың ірі елді мекендерін байланыстыратын республикалық маңызы бар жолдың орташа жөндеу жұмыстары 2023 жылы басталған-ды. III техникалық санаттағы бұл жол 60 жыл бұрын салынған.
Қандыағаш–Ембі–Шалқар–Ырғыз тасжолының ұзындығы – 401 шақырым. Былтыр Шалқар қаласы мен Қауылжыр ауылының аралығы (224–259 км), сондай-ақ Ырғыз ауылынан Самара–Шымкент трассасына дейінгі (391–401 км) учаскелер жөнделді.
Биыл 110 шақырымда жұмыстар жүріп жатыр:
•Қандыағаш–Ізімбет елді мекендерінің арасындағы 0–25 км және 25–50 км учаскелерінде («АссанаДорСтрой» ЖШС мердігері);
•Қотыртас–Қауылжыр аралығындағы 164–224 км учаскесінде («АссанаДорСтрой» ЖШС мердігері).
Ал Ізімбет–Бершүгір–Қотыртас ауылдарының арасындағы (50–92 км және 148–164 км) жол бөліктерін орташа жөндеу 2026 жылға жоспарланған.
JQ-Aqparat
Сурет: Ақтөбе облысының әкімдігі 
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады