Шайынды суды тазартуға күш салуда

31 тамыз 2023, 11:28

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында ел экономикасын тұрақты дамытуға су тапшылығы қатты кедергі болып отырғанын айтқан-ды. Ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналған бұл салада су ресурстарын тиімді пайдалану, жергілікті жерде тозығы жеткен инфрақұрылымдарды тездетіп жаңарту жайын көтерген еді. «Сырттан келетін су азайып барады. Сол судың өзін тиімсіз пайдалану жағдайды одан әрі ушықтыруда. Судың 40 пайызы құмға сіңіп жатыр. Инфрақұрылым әбден тозған. Сондай-ақ, салада автоматтандыру және цифрландыру деңгейі төмен» деген Президент су саласын дамытудың үш жылдық жобасын әзірлеуге Үкіметке тапсырма жүктеген.

Шымкент қаласында су құбырлары желісін және кәріз жүйесін жаңарту, қайта құру мәселесін қаланы сумен қамтып, шайынды су бойынша қызмет көрсетуші «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС инвестиция тарту арқылы жүзеге асырып отыр. Қала әкімдігі серіктестіктің бас директоры Анарбек Орман ұсынған жобаны егжей-тегжейлі сараптап, нысанның маңыздылығын ескеріп, құрылыстың қарқынды жүргізілуіне қолдау білдіруде. Орайы келгенде қала әкімі Мұрат Әйтенов бұл жобаның қала тұрғындары үшін өте қажеттігін, мегаполистің инфрақұрылымын жаңарту, жаңғыртуға негіз болатын жоба екендігін атап өткенін айта кетейік.

Жоба жүзеге асқан шақта кешен тәулігіне 200 мың м3 шайынды суды тазартады. Бүгінде бұл көлем 150 мың м3-ді құрайды. Тұтынушылардан жиналатын сарқынды суға қар, жаңбыр суын қосқанда шайынды суды тазарту, қайта өңдеу ісі күрделене түсетіні анық. Бұл соңғы жылдары қанатын кеңге жайған Шымкенттің, әсіресе, қаланың солтүстік бөлігінде бой көтерген көпқабатты үй тұрғындары үшін де тиімді. Мысалы, бір ғана «Шымкент Сити» мен Тұран шағынауданында тұратын тұрғын саны қазір 80 мыңнан асып барады.

Жаңа жобаға негіз болып отырған мұндай дәйектер аз емес. Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің «Жасыл қалалар» бағдарламасы шеңберінде Еуропалық банк Шымкент қаласының кәріз жүйелері кешенінің қуатын 50 мың текше метрге ұлғайту жобасын мақұлдаған. Мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамасы да бар. Былтыр Шымкент қалалық әкімдігі мен банк арасында келісім шарт жасалды. Банктің вице-президенті Алан Пию Шымкентке арнайы келіп, екі жақты тиімді келісімнің ең алдымен тұрғындар үшін маңыздылығына тоқталған. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС Бас директоры Анарбек Орман қол қойған сол құжат негізінде су ресурстарын тиімді пайдалануға құрылған жаңа жобаны қаржыландыру мәселесі шешілді.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз