Шахматтан әлем чемпионаты қалай өтіп жатыр?

07 тамыз 2023, 16:29

Қазақстанның бірнеше мектеп командасы шахматтан әлем чемпионатында қанжығасына медаль алуға үмітті.
Ақтауда шахматтан мектеп командалары арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Үшінші ойын күні 5-ші және 6-шы турлар аяқталды. 12 жасқа дейінгі кіші топта Үндістан командасы барлық матчтарда жеңіске жетіп, үстемдік орнатты.
Екінші орында Львов қаласынан келген украиналық шахматшылар тұр, бірақ басымдық әзірге айқын емес. Күміс медаль тағуға тағы алты команда таласа алады. Оның төртеуі — еліміздің командалары. Олар — Астана қаласының Республикалық физика-математика мектебінің, Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №8 лицейінің оқушылары, тиісінше үшінші және төртінші орындарда тұр. Шымкент қаласының №9 IT-лицейі 7-ші, Астана қаласының №72 мектебі 8-ші орында.
Ыстамбулдан келген ENKA мектебінің оқушылары соңғы екі турда негізгі бәсекелестерімен текетіресте екі аса маңызды жеңіске жетті. Сөйтіп олар чемпионаттың ересек оқушылар тобында алтын медаль алады деп күтілуде. Күміс және қола медаль оннан астам команда арасында таласқа түседі, бірақ Үндістанның оқушылары ең қолайлы жағдайға ие, екінші болып келе жатыр. Алматылық РФММ командасының да мүмкіндігі бар, бірақ көп нәрсе бәсекелестердің қалай ойнайтынына байланысты. Қазір РФММ командасы 7-ші орында тұр.
Еске салсақ, Ақтауда өтіп жатқан шахмат турниріне әлемнің 53 үш елінен 400-ден астам оқушы қатысып жатыр. Қазақстан атынан Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент және Павлодар қалаларының 10 мектебі бақ сынауда.
Мектеп командалары арасындағы шахматтан әлем чемпионаты 7 тамызға дейін жалғасады. Турнирді Халықаралық және Қазақстан Шахмат Федерациялары Маңғыстау облысы әкімдігі, мәдениет және спорт министрлігі, сондай-ақ оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

JQ-Aqparat

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады