jasqazaq.kz

Шахизада Шәкенова: Мүмкіндігі шектеулі балаларға қолайлы орта қалыптастыру тек инфрақұрылыммен шектелмейді

17 шiлде 2025, 15:03

Шымкент қалалық білім басқармасының жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы Шахизада Шакеновамен сұхбатымызда инклюзивті білім беруді дамыту бағытындағы іс-шаралар мен осы салада жұмыс істейтін мамандар туралы айтылды.

Бұл кабинеттерде жұмыс істейтін мамандар жеткілікті ме? Бұл салада маман тапшылығы жоқ па?

Инклюзивті білім беруді дамыту шеңберінде кадрлық әлеуетті арттыруға ерекше назар аударылуда. Қазіргі уақытта инклюзивті білім беру саласында жұмыс істейтін педагогтердің жалпы саны – 747 маман. Оның ішінде: дефектологтар – 203, логопедтер – 306, тифлопедагогтер – 11, сурдопедагогтер – 26, олигофренопедагог – 4, ассистент-педагогтер – 197.

Олигофренопедагог? Сала мамандарының қызметіне жекелеп тоқталасыз ба? Олар немен айналысады?

–Дефектолог дамуында түрлі ауытқулары бар балалармен жұмыс істейтін арнайы педагог. Дефектолог баланың даму ерекшеліктерін анықтайды (мысалы, сөйлеу кемістігі, ақыл-ой дамуындағы кешеуілдеу, есту немесе көру проблемалары). Танымдық процестерді (есте сақтау, зейін, ойлау), сөйлеу дағдыларын, моториканы дамытуға арналған арнайы сабақтар өткізеді. Мектеп бағдарламасы бойынша оқи алмайтын балалар үшін бейімделген оқу жоспары бойынша білім береді. Баланы қоршаған ортамен, қоғаммен өзара әрекеттесуге: өзін-өзі күтуді, қарым-қатынас жасауды, өмірлік дағдыларды үйретеді. Ата-аналар мен педагогтарға баламен үйде және мектепте қалай жұмыс істеу керектігін түсіндіреді.

Логопед баланың сөйлеуіндегі ауытқуларды: дыбыстарды бұрмалауды немесе мүлде айтпауды, тұтықпаны, кеш сөйлеуді анықтайды. Логопед дыбыстарды дұрыс айтуға, сөздік қорын байытуға, грамматикалық құрылымдарды меңгеруге үйретеді. Баланың логикалық ойлауын, есте сақтауын, сөйлеу қарқынын, дыбыстарды ажырату қабілетін дамытады.

Тыныс алу жаттығулары, артикуляциялық гимнастика арқылы сөйлеу мүшелерін дамытады. Ата-аналармен және мұғалімдерге үйде қандай жаттығулар жасау керектігі туралы нұсқаулық береді.

Педагог-ассистент — ЕББҚ балаларға күнделікті сабақ барысында қолдау көрсетеді. Сабақты меңгеруге (жазуға, оқуға, тапсырмаларды орындауға) көмектеседі. Баланың өзін-өзі күту дағдыларын қалыптастырады. Мұғалімнің және мамандардың нұсқауларын орындайды.

Мөлдір Кенжебай,

Шымкент

(Жалғасы бар)

 

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді